Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдаманы жеңіп алды

Жолдаманы жеңіп алды

Жуырда Шәкәрім шығармаларының шуағына шомылғандар сынға түсті. Жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастыруымен өтетін биылғы «Шәкәрім оқулары» республикалық байқау жұма күні аудандық орталықтандырылған кітапханада өтті.
Аталмыш сайысқа 10 мектептің оқушылары қатысып, байқау шартына сәйкес екі кезең бойынша өнер көрсетті.Қатысушылар алдымен Шәкәрім мұраларын жатқа айтса, келесі кезеңде ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.
Кемеңгердің өлеңдерін көркемдеп оқыған оқушылар көңілдерді баурап, көпшілікті тәнті етті. Әділ қазылар шешімімен жарыс жолында өзін жақсы көрсеткендер төмендегідей марапатталды.
Атап айтсақ, №276 орта мектептің 6 сынып оқушысы Аяна Ершағыр мәнерлі оқуымен үздік үштіктің қатарынан табылды. Ал М.Матаев атындағы №276 орта мектептің 5 сынып оқушысы Ертарғын Әзілхан сұрақтарға тұщымды жауап беріп, екінші орынды қанжығасына байлады. Қатарластарының алдына шығып, оқ бойы оза шапқан Ғ.Мұратбаев атындағы №91 орта мектептің 5 сынып оқушысы Інжу Сәбит өзгелерден дараланып, Респбуликалық "“Шәкәрім оқулары” байқауының облыстық кезеңіне жолдаманы жеңіп алды.
Кеш соңын аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Индира Назарова ұлттық құндылықтарымызды насихаттау баршамыздың парызымыз екенін айтып, қатысушыларға ризашылығын жеткізді.
Жанна МИХА
26 ақпан 2024 ж. 168 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 109

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 107

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 105

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 94

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930