Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайыста топ жарды

Сайыста топ жарды


Қызылорда облысы білім басқармасының Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2-4 ақпан күндері аралығында Қызылорда қаласында мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту және облыстық үздік команданы анықтау мақсатында "Ұлттық мектеп лигасы" бағдарламасына сәйкес спорт түрлерінен облыстық іріктеу жарыстары өтті.
Өткізілген жарыстың нәтижесі бойынша Гандболдан 9-11 сынып қыз балалар арасында өткен жарысқа С.Сейфуллин атындағы №165 мектеп оқушылары қатысып жүлделі І орын, баскетболдан 9-11 сынып ер балалар арасында өткен жарысқа Қ.Сатбаев атындағы №216 мектептің оқушылары қатысып жүлделі ІІ орын және асық атудан 9-11 сынып оқушылары арасындағы жарысқа №276 мектептің оқушылары қатысып жүлделі ІІІ орын иеленді.
Сонымен қатар, үздіктер қатарынан гандбол спорт түрі бойынша С.Сейфулин атындағы №165 мектептің 11 сынып оқушылары Жұмахмет Аяулым және Жәли Назым, баскетболдан Қ.Сатбаев атындағы №216 мектептің 11 сынып оқушысы Жақсыбай Құттыбай білім басқармасының диполмымен марапатталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
05 ақпан 2024 ж. 100 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031