Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ата-анамның жұмыс орнындағы бір күн

Ата-анамның жұмыс орнындағы бір күн

Қазалы қаласы әкімінің қолдауымен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асыру мақсатында Қазалы қалалық мәдениет үйінде №16, 17, 95 мектептердің 2-4 сынып оқушылары арасында «Ата-анамның жұмыс орнындағы бір күн» тақырыбында бейнероликтер байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – бала ата-анасының мамандығы туралы толық ақпарат алу, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру. Ата-аналарының қызығы мен қиындығы мол жұмыс орындарына сапар шегіп, еңбек туралы түсініктерін қалыптастыру. Баланы еңбексүйгіштікке баулу, мамандық иелеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу және қарым-қатынас, таңдау жасауға үйрету болды. Бұл байқау арқылы оқушыларды мамандық таңдауға бағыттап, ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін шыңдау, нақтылыққа бейімдеу де көзделді. Нәтижесінде шәкірттер мамандық түрлерімен танысып, өзіндік ой қорытып, ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра алды. Тіршілік тұтқасы білім, еңбек, өнер екендігін ұғынып, ата-анаға деген құрметі мен сыйластығы арта түсті.
Байқау барысында, №16 мектеп-лицейдің 4 «Ә» сынып оқушысы Аяна Оразбай І, жетекшісі Нұрсәуле Қалеке, №95 мектептің оқушысы Айзере Данабай ІІ, жетекшісі Мөлдір Идирисова, №16 мектеп-лицейдің 2 «Б» сынып оқушысы Азиз Әділхан мен №17 мектептің 4 «А» сынып оқушысы Рамазан Жадырасын ІІІ орынға ие болды, жетекшілері Ақнұр Нұрмахан, Салтанат Кадирова.
Ал №95 мектептің 4 «Ә» сынып оқушысы Бақдәулет Берікұлы «Ең үздік әлеуметтік ролик», 3 «А» сынып оқушысы Айтуған Асылай «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды. Жетекшілері Мираш Ақбаева, Гүлмира Әріпова. №17 мектептің 3 «А» сынып оқушысы Әміржан Қазихан «Дарынды бала – дара бала», 2 «А» сынып оқушысы Айару Саматқызы «Үздік идея» номинациясын иеленді. Жетекшілері Айман Жүндібай, Тұрсынкүл Разақ.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
05 қараша 2024 ж. 207 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 109

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 107

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 106

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 95

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930