Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас ақындар жарысты

Жас ақындар жарысты

Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен 9 қазан күні М.Матаев атындағы №170 мектепте оқушылар арасында «Ақындар айтысы» жас импровизатор-ақындардың республикалық сайысының аудандық кезеңі өтті.
Қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнер арқылы мәдениеттің баға жетпес мұрасы ретінде айтысты жан-жақты насихаттау, ұлттық рух пен патриотизмге, өз халқына және оның дәстүрлеріне деген сезімін жетілдіру, талантты шығармашылық жастарды анықтау мақсатында өткізілген байқауға білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты.
Сайыс қорытындысымен Б.К.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназияның 8- сынып оқушысы Тұрабай Тұрар жеңімпаз атанды. №93 орта мектептің 8- сынып оқушысы Нағашыбай Нұрай екінші, М.Матаев атындағы №170 орта мектептің 9-сынып оқушысы Рзаева Гауһар мен Ж.Жабаев атындағы №234 мектептің 8- сынып оқушысы Қаратай Аяулым үшінші орынды жеңіп алды.
Жеңімпаз атанған Б.К.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназияның 8- сынып оқушысы Тұрабай Тұрар сайыстың облыстық кезеңіне жолдама алды.
"Қазалы"ақпарат
10 қазан 2023 ж. 441 0

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930