Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шын жүректен кітап сыйла

Шын жүректен кітап сыйла

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні, бұл кітап оқуды сүйетін және ұнататындардың мерекесі. Әдетте бұл күні бір-бірімен кітап алмасады немесе бір-біріне сыйға тартады. Жаңа, қызықты, танымдық кітап оқу – кез келген адам үшін үлкен қуаныш және кітап әрқашанда ең керемет сыйлық болып қала береді.
Бұл күні, ең алдымен балаларға, сондай-ақ белгілі-бір себептермен кітап оқуға мүмкіндігі шектеулі адамдарға кітап беру әдетке айнала бастады. Ақпараттық технологиялар мен цифрлық кітаптардың дамуына қарамастан, баспа түріндегі кітап рухани құндылық ретінде бағалана бастады. Бүгінгі таңда мерекеге қатысуға кітап сауда желілері, кітап өнімдерін сататын сайттар, сондай-ақ қайырымдылық ұйымдары ықпал етуде. Осы мерекеге орай ауданымыздың белгілі кәсіпкері Ботабаев Нұркен ағамыз мектебіміздің кітапханасына керемет кітаптарын шын жүректен тарту етті. Мектебіміздің оқушыларыда «Шын жүректен кітап сыйла» акциясына белсене қатысып 4 «А» сынып оқушылары 45 кітап кітапханамызға тарту етті сынып жетекшісі Қабыл Гүлмира апайына рақмет айтамыз. Акция барысында оның қатысушылары тек кітаптармен ғана емес, сүйікті кітаптары/авторлары туралы қызықты әңгімелерімен де бөлісті.
Бұл акцияның басты мақсаты — қарапайым және мейірімге толы барлық адамзатты кітап оқуға шақыру, білім алушылардың кітап оқуы мен кітапты бір-біріне сыйлау дәстүрін қайта жандандыруға ықпал ету, кітапханаларға жақсы кітаптар тарату, технология заманында да кітап өз құндылығын жоғалтпайтын ерекше сыйлық болып қалатынын көрсету.
Акция басты мақсатына қол жеткізді, кітапхана білім алушылар оқуын, бір-біріне кітаптарды сыйлауды қайта жаңғыртты, жаңа оқырмандарды тартуға ықпал етті. Айта кетейік бұл мереке кітапсүйер қауым үшін ерекше күн болып саналады. Мерекенің қағидасы бойынша дәл осы күні білім алушыларыңызға, досыңызға, жақын туысыңызға қызығып жүрген кітабын, сол себепті сізде атаулы күн қарсаңында құрбыңызға тіпті жақыныңызға кез-келген жанрдағы қызықты кітапты сыйлай аласыз.
Кiтап – жақсы дос, рухани азық. Сондықтан да бiр-бiрiмiзге сүйіспеншілікпен кітаптар сыйлайық.
Ұ.АҚБАЙ,
Ы.Алтынсарин атындағы
№ 204 орта мектеп
кітапхана меңгерушісі







15 ақпан 2025 ж. 631 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031