«Кітап-AMANAT» орталығында танымдық кездесу өтті

Бүгін 23 сәуір «Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне» орай, партияның облыстық филилалы жанындағы «Кітап-AMANAT» орталығында Қазақстан жазушылары одағының мүшесі, Ғани Мұратбаев атындағы республикалық жастар сыйлығының иегері, қазіргі таңда хит әндердің авторы Ақжол Түменбаймен кездесу өтті.
Шараға «Жастар рухы» ЖҚ-ның белсенді жастары, жас ақын-жазушылар қатысты.
Кездесу барысында Ақжолдың шығармашылығы жайлы әңгіме қозғалып, сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Сонымен қатар, автордың оқыған кітаптары жайлы, бүгінгі күні көп оқылатын кітаптар туралы пікірлер айтылып, жастар автор әндерін бірге орындап,олардың шығу тарихын талқылады. Кездесу соңында Ақжол Түменбай партияның «Кітап - AMANAT» жобасының отандық авторлар мен кітап шығарушыларды қолдауға бағытталғанына ризашылығын білдіріп, жастарды кітап оқуға шақырды. Сонымен қатар жеке кітапханасынан орталыққа кітап сыйға тартты.