Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда «Kitap fest – 2019» кітап фестивалі өтті

Қазалыда «Kitap fest – 2019» кітап фестивалі өтті

Бүгін аудандық орталық кітапханада 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Kitap Fest – 2019» кітап фестивалі өтті.
«Kitap Fest» фестивалінің мақсаты – кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын арттыру, кітап оқуға тарту, жастардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту.

Салтанатты шараны ашқан аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов «Құрметті кітап сүйер қауым! Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай басталған, бүгінгі шара «Кіtaр Fest – 2019» кітап фестивалі осындай игі дәстүрдің жалғасы. Ендеше, бүгінгі мереке баршаңызға құтты болсын! Ақылды қуаттандыратын құрал, асыл қазынамыз – кітап оқудан құр қалмаңыздар!» - деді өз сөзінде.

Фестиваль барысында түрлі танымдық шаралар өткізілді. Облыстық "Сыр бойы" газетінің 90, аудандық "Қазалы" газетінің 10 жылдығына орай "Сыр бойы" газетінің Арал, Қазалы аудандарындағы меншікті тілшісі Жұмабек Табынбаев және "Қазалы" газеті редакциясы ұжымымен оқырмандар кездесуі ұйымдастырылды.
Атап айтсақ, №1 Қазалы қалалық кітапханасының Алтын қоры таныстырылды. Сонымен қатар, кітап қорынан жасалған кітап инсталляциясы, «Ғаламтор және кітап-ғұмыр» атты қойылымы, «Даналық ағашы» сұрақ-жауап танымдық ойыны, «Кітаптан берілген шабыт» атты 6-9 сынып оқушылары арасында арнайы тақтада сурет салу байқауы сынды оқырманға қызықты шаралар ұйымдастырылды.

Кітап фестиваліне зиялы қауым өкілдері, жастар, кітапхана оқырмандары, мектеп оқушылары, аудан тұрғындары қатысты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.

23 сәуір 2019 ж. 4 379 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 149

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031