Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық мәслихат депутаттары Қазалы ауданының тұрғындарымен кездесті

Облыстық мәслихат депутаттары Қазалы ауданының тұрғындарымен кездесті

Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов және мәслихат депутаттары Жанкелді Ысқақ, Ібайдулла Тілеп, Нұрлан Имандосов Қазалы ауданына қарасты Абай, Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би ауылдарына барып, тұрғындармен кездесті. Кездесулерге аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері мен тиісті сала мамандары қатысты.

Облыстық мәслихат төрағасы облыс әкімінің бастамасымен атқарылған, қолға алынған, алдағы уақытқа жоспарланған жобалар туралы айтты. Мәслихаттың жұмысына, депутаттардың көтерген мәселелеріне тоқталып өтті.

Ауыл тұрғындары көшелерді асфальттау, электр желілерін жөндеу, балабақша, жанармай бекетін ашу, каналдарды тазарту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ауылға қосымша полиция инспекторын бекіту, полиция бөлімшесіне қызметтік автокөлік, өрт сөндіру көлігін алу, аурухана салу туралы ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған аймақ басшысының жүйелі жұмыстарына оң пікірлерін білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

Кездесуден кейін халық қалаулылары Жанқожа батыр ауылындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерген 300 орындық мектеп құрылысымен, Бекарыстан би ауылындағы №24, Ғани Мұратбаев ауылындағы №91 мектептердің жұмысымен танысты.

Фото: Облыс әкімінің баспасөз қызметі
13 ақпан 2025 ж. 313 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031