Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кент келбеті көркеюде

Кент келбеті көркеюде

Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов жұмыс­ сапарымен Қазалы ауданына келіп, «Руханият орталығы» ғимаратының құрылысымен және ­аудан орталығындағы ­абаттандыру жұмыстарымен танысты.
Алдымен аудан орталығында салынып жатқан «Руханият орталығы» ғимаратының құрылыс жұмыстарын көрді. Қазіргі таңда ғимараттың жер қазу жұмыстары жүргізілуде. Мәслихат төрағасы Сыр еліндегі барлық аудан орталықтарында аймақ басшысының қолдауымен салынып жатқан бұл нысанның құрылысы сапалы әрі өз мерзімінде аяқталуы керектігін айтты.
Айта кетейік, «Руханият орталығының» құрылыс жұмыстарымен «АСАР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі айналысуда.
Мұнан кейін Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» саябағы мен Орталық алаңға барып, онда жүргізілетін абаттандыру жұмыстарының жобасымен танысты. Бұл жөнінде Мұрат Жолкелдіұлына аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш пен аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков айтып берді. Алдағы уақытта жоспарға сәйкес Әйтеке би кентіндегі Орталық алаң қайта жаңғырып, «Жеңіс» саябағы ішінде ойын және спорт алаңдары, бассейін, түрлі демалыс орындары және басқа да тұрғындардың бос уақыттарын тиімді өткізу бағытында бірқатар нысандардың құрылысы жүргізілмек.
Мәслихат төрағасы аудан орталығын аралау барысында Жанқожа батыр көшесінің бойындағы аудан әкімдігі ғимаратының алдына жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарында көрді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
30 шілде 2024 ж. 88 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30