Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT»: Облыстық депутаттық фракция мүшелері ауылдарда кездесу өткізді

«AMANAT»: Облыстық депутаттық фракция мүшелері ауылдарда кездесу өткізді

Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Тлеумбетов, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары Жанкелді Ысқақ, Ибайдулла Тілеп, Нұрлан Имандосов және аудандық мәслихаттың төрағасы, «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының төрағасы Ғазиз Әліш ауданға қарасты бірқатар ауылдарда болып, тұрғындармен кездесті.

Абай, Ақтан батыр, Жанқожа батыр және Бекарыстан би аулдарындағы кездесулерде облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов аймақ басшысының бастамасымен облыста іске асырылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталып өтті.

Кездесулерде әр ауыл тұрғындары өзекті болған мәселелерімен бөлісті. Ауыл көшелерін асфальттау, электр желілерін жөндеу, балабақша және мектеп салу, каналдарды тазарту мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау саласында ұсыныстарымен бөлісті. Сондай-ақ, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға айтарлықтай үлес қосып жатқан аймақ басшысының жүйелі жұмыстарына оң бағасын берді.

Өз кезегінде халық қалаулылары айтылған мәселелер кезең-кезеңімен іске асырылатындығын айтып, тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстарын оң шешу бойынша жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

Айта кетейік, ауыл тұрғындарымен кездесулерге аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Нұрғиса Жалғасбаев және аудандық мәслихат депутаты Әділбек Сарабеков қатысты.

#AMANAT
12 ақпан 2025 ж. 381 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 42

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031