Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық мәслихат депутаттары ауыл тұрғындарымен кездесті

Облыстық мәслихат депутаттары ауыл тұрғындарымен кездесті

Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов және облыстық мәслихат депутаттары Жанкелді Ысқақ, Ерлан Қалиев, Орынбасар Төлепов Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен барып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Елді мекендердегі өзекті мәселелер талқыланған кездесулер III Интернационал, Дүр Оңғар, Иіркөл ауылдары мен Жосалы кентінде өтті.
Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов аймақ басшысының бастамасымен қолға алынған іргелі істер, алда жүзеге асырылатын жобалар туралы баяндады. Сондай-ақ, облыстық мәслихаттың алдағы жоспарына, депутаттармен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Халықтың тұрмысын, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды атап өтті.
Кездесуге келген тұрғындар газдандыру, балабақша ашу, кітапхана ахуалы, ауыл көшелерін асфальттау, шлюз салу, кәріз жүйесі, жайылымдық жер, азық-түлік бағасының қымбаттауы, туризмді дамыту және білім саласына қатысты, басқа да мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, осындай ашық диалогтың маңызын атап өтіп, ризашылық білдірді.
Айта кетейік, ауыл тұрғындарымен кездесулерге аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, ауыл әкімдері мен тиісті сала мамандары қатысты.
Сапар барысында облыстық мәслихат төрағасы мен депутаттар III Интернационал ауылындағы «Достық» бөбекжай-бақшасының жұмысымен танысты.
11 ақпан 2025 ж. 145 0

Арал: Жыл және жетістік

21 ақпан 2025 ж. 117

ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА!

21 ақпан 2025 ж. 80

Керек дерек

21 ақпан 2025 ж. 102

Үйірмеде үйренер көп

21 ақпан 2025 ж. 95

Жайлы мектеп

21 ақпан 2025 ж. 189

"Түйін" жобасы қосылды

21 ақпан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728