Үлгілі шаңырақ – ұлт ұйытқысы

– Әкем білікті де, білімді дәрігер болды. Өмір сүрген 43 жыл уақыт ішінде халықтың ыстық ықыласына бөленді. Біраз дерттің емін таба білді. Ағам Берік Балдақұлы да теміржол ауруханасында дәрігер офтальмолог қызметін абыройлы атқаруда. Мен есімді білгелі осы кісілердің адал қызметін, науқастардың әкеме деген шынайы ризашылығын көріп өстім. Сол себепті де дәрігер мамандығына деген қызығушылық бала кезден оянды. Ол тірі кезінде, салауатты өмір салтына қалыптастырып грек-рим күресіне қатыстырды. Әрбір жетістігіме қуанып отыратын. Сол шақтағы мақсаттарым бөлек еді. Спорттың ізін жалғап биік шыңдарды бағындыруды армандадым. Кейін барлық ойым түбегейлі өзгеріп, әкемнің игі ісін жалғастыру, оның алдындағы борышым деп түйдім. Осы жолды таңдауыма әжем Қадіркүл Жұбатқан, анам Бақыткүл Әлжан, көкем Берік Жадырасынның қолдауы да ерекше әсер етті, – дейді Нұрдәулет.
Дәрігерлер отбасына келін болып түскен Арайлым Балдақова бүгінде 2000-ға жуық халыққа қызмет етеді. Скринингтен өткізеді, жаңа туылған нәрестеге патронаж жасайды. Тіркеуде тұрған науқастарды күнделікті бақылайды. Созылмалы аурумен ауыратындарға ай сайын тегін дәрі үлестіреді. Үйге шақыртуларға барады. Жанындағы медбикелері ауыр дертке шалдыққандардың анализдерін үйінен алып келеді. Таңның атысынан, күннің батысына дейін тынбай тер төккен осындай ақхалаттылар отбасына ризашылығын білдірушілер жетерлік.
Арайлым 2022-2024 жж аралығында Ақтөбе медицина университетінде Гастроэнтерология мамандығы бойынша 2 жыл резидентураны тәмамдап, білімін жетілдіріп келді. 2024ж қыркүйек айынан бастап асқазан- ішек, бауыр өт жолдары ауруларымен пациентттерге кеңес беріп, ем жүргізуде. Қосымша фиброскан аппаратының көмегімен, бауыр ауруларын диагностикалауға қабілетті.
Осы күні Нұрдәулет Серікұлы қаншама белі бүгіліп, басы ауырғандардың диагнозын дөп басып, кешенді ем-дом жасауда алдына жан салмайды. Қажетті дәрігерлік кеңес беріп, алтын ине қойып, дертке шалдыққандарды құлан таза айықтырып жүр. Заманауи Электроэнцефалография ( ЭЭГ ) аппараты арқылы, бас ми патологияларына диагностика жүргізеді.
Әрдайым конференциялармен мастер кластарға қатысып білімін жетілдіріп отырады. Жетісіктері «Ғани төсбелгісі» мен «Сыр үміті» жастар сыйлығы, «Үздік жас медицина қызметкері – 2024» төсбелгісімен марапатталған.
Дарынды дәрігердің өз кәсібіне деген сүйіспеншілігі бұнымен тоқталмақ емес. Ол өзін әрдайым дамытып, жан-жақты ізденіп, оқу-іліммен өсе түсуде. Интернатурадан соң дәрігер терапевт атанды. Мемлекеттік грантпен Ақтөбе қаласында «Неврология, в том числе детская» мамандығы бойынша резидентураны тәмамдады.
Қазіргі таңда теміржол ауруханасында халықтың алғысына бөленуде. Басты мақсаты – 9 жыл бойы алған білімі мен тәжірибиесін жинақтап, Қызылорда облысы Қазалы ауданында адал қызмет атқару және ауыр халдегі неврологиялық науқастардың дертінен айығуына себепкер болып, Қазақстан медицинасының дамуына үлес қосу. Құдай қосқан жары Арайлым екеуі Әлинұр мен Әлихан есімді ұлдарды тәрбиелеп отыр.
Жалпы жанұя қоғамның ең маңызды құрылымы екені баршамызға белгілі. Әрбір отбасында сүйіспеншілік қаншалықты мықты болса, қоғамның діңгегі де соншалықты берік болары сөзсіз.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА