Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білікті дәрігер биігі

Білікті дәрігер биігі

Медициналық мамандықтардың ішінде жеңілі жоқ. Сол сияқты педиатордың баланың өміріндегірөлі орасан. Ол кішкентай адамға туғаннан бастап қамқорлық жасайды. Халықтың алғысына бөленіп жүрген сондай дәрігердің бірі – Зарина Әділжанқызы.
Жас маман Қазалының тумасы М.Горкий атындағы №16 мектебінен түлеп ұшып, М.Оспанов атындағы медициналық университетінің емдеу ісі факультетіне түседі. Бұл жерден бала кезіндегі арманына қол жеткізіп, жалпы тәжірибелі дәрігер бойынша оқуды бітіріп шығады. Еңбек жолын «Болат жолы» аудандық емханасында аймақтық балалар дәрігері болып бастаған. Кейін 2013 жылы Қазалы теміржол ауруханасына аймақтық дәрігер-педиатр есебінде қабылданып, осы уақытқа дейін қызмет атқарып келеді.
Зарина Әділжанқызы «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚФ Қазалы теміржол ауруханасының жалпы тәжірибиелі дәрігерлік қызмет жасаған жылдарында апатты жағдайда қажетті көмек көрсете алатын білікті маман ретінде өзін көрсете білді. Ол емдеу-диагностикалық жұмысында медицинаның соңғы жетістіктерін қолданады.
Он жылдан аса уақытта баланың ағзасындағы ерекшеліктері мен ауруының клиникасын тап басып тауып, балалар және ата аналармен қарым қатынас жасай алады. Сонымен бірге балаға, медицинаға деген сүйіспеншілігінің арқасында жұмыс барысында кез келген жауапкершілікті өз мойнына алады. Әрдайым ізденіп, үйренуге қабілетті, дәрігерге сай шыдамдылықпен науқасқа жылы жүзбен барынша ем-дом көрсетеді. Оның амбулаторлы емханалық көмек бағдарламасы бойынша жасалып жатқан жұмысы өз деңгейінде жүргізілуде.
– Келушілерге үлкен ілтипатпен қарайды. Ұжымда білікті мамандар қатарынан саналады. Халық арасында беделі жоғары, өте сауатты әрі жаңашыл дәрігер ретінде қабылдаймын. Жас мамандардың үйретуші ұстазы бола біледі. Өз білгенін кейінгілерге үйретуден жалықпайды. Аурухана өміріндегі әртүрлі мәдени жұмыстарға қатысып, белсене араласады, – дейді «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚФ Қазалы теміржол ауруханасының директоры Құбыл Ршымбетов.
Жас дәрігер медицина саласында елеулі қызмет атқарып, жұмыс кезінде өзінің ұйымдастыру қабілетін, білімділігін, жұмысқа белсенділігін көрсете білді. Осыны ескерген аурухана әкімшілігі және кәсіподақ ұйымының төрағасы «Медицина қызметкерлерінің» төл мерекесінде марапатқа ұсынған. Бүгінде отбасында екі бала тәрбиелеп отырған бақытты ана.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

07 наурыз 2023 ж. 538 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031