Қоғамдық тұрақтылық – басты құндылық
Қоғамдық тұрақтылықты сақтау, терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу – маңызды әрі жауапты міндет. Осы бағыттағы жұмыстарды пысықтау мақсатында аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті.Жиында аудандағы діни және қоғамдық ахуал, терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланды. Сонымен қатар ұлттық, саяси және діни экстремизм тәуекелдерінің алдын алу, деструктивті діни ағым өкілдерімен жүргізілетін профилактикалық және оңалту шаралары, террористік тұрғыдан осал нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Отырыста діни бірлестіктердің қызметі, елді мекендердегі мешіттердің жай-күйі, құжаттарын ретке келтіру және діни ахуалды тұрақты бақылауда ұстау мәселелеріне де ерекше назар аударылды.
Аудан әкімі жауапты сала басшыларына терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды күшейтуді, халық арасында түсіндіру шараларын жүйелі түрде жүргізуді және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды сапалы ұйымдастыруды тапсырды.
Жиын қорытындысы бойынша бірқатар нақты міндеттер белгіленіп, олардың орындалуын тиісті сала басшыларына бақылауға алу жүктелді. Аудан басшысы әрбір тапсырманың уақытылы әрі сапалы орындалуы қатаң бақылауда болатынын атап өтті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі













