Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерекелік қабылдау өтті

Мерекелік қабылдау өтті

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов 15 қыркүйек – Санитариялық-эпиде­миологиялық қызмет жұмыс­керлері күні­не орай сала мамандарымен мерекелік қабылдау өткізді. Мерекелік басқосуға зиялы қауым өкілдері, сала ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.Жиында аудан әкімі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет маман­дарының қоғамдағы маңыз­ды рөліне тоқталып, кәсіби мереке­лерімен құт­тықтады.
– Санитариялық-эпидемиологиялық қыз­мет – халықтың денсаулығын қорғаудың берік қалқаны. Сіздердің еңбектеріңіз – көзге көріне бермейтін, бірақ әрбір адамның өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін аса жауапты еңбек. Аурудың таралмауы, қауіпті індеттің алдын алу, ауыз судың қауіпсіздігі, азық-түліктің сапасы, мектептер мен балабақшалардағы тазалық пен талаптардың сақталуы – мұның барлығы Сіздердің күнделікті еңбектеріңізбен тығыз байланысты. Сіздер күн сайын халықтың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін жағдайларды алдын ала анықтап, оның алдын алуға күш саласыздар. Әрбір тексеріс, әрбір зерттеу, әрбір профилактикалық шараның артында адам тағдыры, отбасының амандығы, балалардың денсаулығы тұр. Ауданымыздың сани­тариялық-эпидемиологиялық тұрақ-тылы­­ғын қамтамасыз етуге қосып жүрген еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін, – деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.
Шара барысында, санитариялық-эпиде­миологиялық салада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, саланы басқарған Сержан Берден мен Ғабидулла Сарқұловқа аудан әкімінің «Құттықтауы» табысталып, қазақы дәстүрге сай иықтарына шапан жабылды. Ал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы Бахыт Жолдасұлы Қазалы ауданының «Құрмет грамотасымен» марапатталса, кәсіби міндеттерін абыроймен атқарып, халықтың денсаулығын қорғауға сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар сала мамандарына аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Мерекелік шара барысында аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш, сала ардагері Сержан Берденұлы сөз сөйлеп, сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.Кәсіби мерекеге арналған шара соңында аудандық мәдениет орталығының өнерпаздары ән-жырдан шашу шашып, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

19 қыркүйек 2026 ж. 10 0

Сөз төркіні тереңде

19 қыркүйек 2026 ж. 9

Дара болмысты дәрігер

19 қыркүйек 2026 ж. 11

Тұрғындар тілегі тыңдалды

19 қыркүйек 2026 ж. 11

Қысқа қам қалай?

19 қыркүйек 2026 ж. 10

Мерекелік қабылдау өтті

19 қыркүйек 2026 ж. 11

Жарық пен көпір бақылауда

19 қыркүйек 2026 ж. 11

Өнерді өнеге еткен ісмер

19 қыркүйек 2026 ж. 15

Болашағы зор бастама

19 қыркүйек 2026 ж. 21

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930