Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің бірнеше өңірінде ауа сапасы нашарлайды

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа сапасы нашарлайды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты атмосферада зиянды заттардың жиналу қаупі жоғары
Еліміздің бірнеше өңірінде ауа сапасы нашарлайды
Фото: © istockphoto.com
«Қазгидромет» синоптиктері 19 қыркүйекте елдің бірнеше өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасатынын ескертті. Ауа райының қолайсыздығына байланысты атмосферада зиянды заттардың жиналу қаупі жоғары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, Алматы, Қарағанды, Балқаш және Теміртау, сондай-ақ Орал, Атырау мен Ақтөбе қалаларында атмосфералық ауаның ластануы болжанады. Сондай-ақ Астана қаласында ауа райының бұл қолайсыз жағдайы түнгі уақытта байқалады деп күтілуде.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Мамандардың мәліметінше, бұл қалаларда баяу жел, инверсия және тұман сияқты факторлар бірігіп, жерге жақын қабатта ластаушы заттардың шоғырлануына әкеп соғады. Мұндай жағдай адам денсаулығына тікелей әсер етуі мүмкін.
Ауаның ластануы кезінде мамандар келесі ережелерді сақтауды ұсынады:
1.Тас жолдар мен өндіріс орындарына жақын жерде ұзақ жүрмеген абзал.
2.Өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары бар және аллергияға бейім жандар өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі тиіс.
3.Таза ауада спортпен шұғылдануды немесе ауыр физикалық жұмыс істеуді уақытша тоқтата тұрған жөн.



19 қыркүйек 2026 ж. 20 0

Сөз төркіні тереңде

19 қыркүйек 2026 ж. 47

Дара болмысты дәрігер

19 қыркүйек 2026 ж. 51

Тұрғындар тілегі тыңдалды

19 қыркүйек 2026 ж. 46

Қысқа қам қалай?

19 қыркүйек 2026 ж. 48

Мерекелік қабылдау өтті

19 қыркүйек 2026 ж. 48

Жарық пен көпір бақылауда

19 қыркүйек 2026 ж. 50

Өнерді өнеге еткен ісмер

19 қыркүйек 2026 ж. 45

Болашағы зор бастама

19 қыркүйек 2026 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930