Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңнамадағы өзгерістерге байланысты семинар өтті

Заңнамадағы өзгерістерге байланысты семинар өтті

Kyzylorda-news.kz Бүгін мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамадағы өзгерістерге байланысты жиын өтті. Жиында мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өту мәселесі, «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне жеке істерді орналастыру, Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы №40 бұйрыққа енгізілген өзгерістер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңінен ақпарат берілді.

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға байланысты түсіндіру мақсатында арнайы қала әкімдігі тарапынан Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жасұлан Шынтасов және Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Алиев Нұржан шақыртылды.

Жаңа заңнамалық өзгерістерге байланысты «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызметшілердің жеке істерінің толымдылығы маңызды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің имиджі мен біліктілігін көтеруге Қызылорда қаласы әкімдігі мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлескен іс-шаралар өткізетін болады.
30 қаңтар 2025 ж. 377 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930