Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқықтық оқыту семинары өткізілді

Құқықтық оқыту семинары өткізілді

Кеше аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрғиса Жалғасбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облыстық филиалының «Мемлекеттік қызметшілерді жаппай құқықтық оқыту» семинары болып өтті.

Аталмыш семинардың басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің білімі мен біліктіліктерін пайдалана білу және игеру мүмкіншіліктерін камтамасыз ету, сондай-ақ құқықтық мәдениетін, сауаттылығын арттыруға, бағытталған практикалық көмек көрсету.

Семинарға Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ж.Ерсейтова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Б. Нұралы, Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының бөлім басшысы Б. Досымов және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облыстық филиалының Білім беру бағдарламаларын іске асыружәне ілгерілету кабинетінің меңгерушісі А. Тұрабаева қатысты.

Семинардың күн тәртібіндегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар, заң бұзушылықтардың алдын алу» мәселесі бойынша Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ж.Ерсейтова, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі» туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Б.Нұралы, «Еңбек кодексінің еңбек қатынастарын реттеудегі рөлі» туралы Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының бөлім басшысы Б.Досымов хабарлама жасады.

Семинар барысында баяндамашыларға сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
07 желтоқсан 2018 ж. 1 279 0

Таңғажайып түн

19 мамыр 2025 ж. 50

Таңғаларлық операция

18 мамыр 2025 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031