Ақыл мен Жан
Ертеде Ақыл мен Жан деген екі дос өмір сүріпті. Бір күні ауылға бір бөтен адам келіп:
– Мен сендерге шынайы бақыт сыйлай аламын! – деп, бір ұнтақ ұсынады.
Ақыл сабырмен:
– Нағыз бақыт адал еңбектен келеді, ал бұл – алдамшы жол! – дейді.
Ал Жан қызығып, ұнтақты алып көреді. Алғашында бәрі тамаша сияқты көрінеді: өмір жеңіл, бәрі жарқын. Бірақ уақыт өте келе, Жан сол ұнтаққа тәуелді болып, әлсіреп, өз өмірін жоғалта бастайды.
Ақыры Жан қатты қиналып, Ақылдан көмек сұрайды. Ақыл оны ауылдың ақсақалына апарады. Ақсақал былай дейді:
– Есірткі – уақытша жалған қуаныш. Ол сенің күшіңді, денсаулығыңды, еркіндігіңді ұрлайды. Сен әлі де бәрін өзгерте аласың, бірақ шешім өз қолыңда
Ақсақалдың сөздерінен кейін Жан өзін қолға алуға тырысады. Бірақ бұл оңай болған жоқ. Бір күні ол бұрынғы есірткі ұсынған адамның ауылда қайта пайда болғанын байқайды. Әлгі адам енді басқа жастарды өзіне тартып жүр екен.
Жан өз тәжірибесінен сабақ алып, оны тоқтатуға бел байлайды. Ақылмен бірге олар ауылдың ақсақалдары мен үлкендерін жинап, мәселені ашық талқылайды. Барлығы бірігіп, әлгі адамның жаман әрекеттерін әшкерелейді. Ауыл халқы оны қуып шығып, жастарға есірткіден келетін зиян туралы түсіндіру жұмыстарын бастайды.
Жан бұл оқиғадан кейін жастар арасында танымал болып, көпшілікті дұрыс жолға шақыруға күш салады. Ол өз өмірінен мысалдар келтіріп, жастардың өміріне әсер ете бастайды. Ақырында, Жан өз қателігінен үлкен сабақ алып, нағыз батырға айналады.
Мен бұл ертегіде не үшін Ақыл мен Жанды таңдадым, себебі бұл есімдер ертегінің мағынасын тереңірек жеткізді. Ақыл ойланып сабырмен ақыл мен шешіп оны тұтынбады, ал Жан болса қызығып, ұшқырсыз оймен ойланып тұтынады.
Талғатбек Бекарыс,
Қазалы қаласындағы Қ.Нұрмаханов атындағы
№95 мектеп оқушысы