Қар, көктайғақ және қатты жел: 6 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Қар, көктайғақ және қатты жел: 6 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Фото:depositphotos.com
Қазақстанның басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде жауын-шашын күтіледі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Астана - көшпелі бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20, түнде және таңертең кей уақытта секундына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-3 градус жылы.
Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 14-16 градус жылы. Іле Алатауы тауларында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында) - жауын-шашынсыз.
Шымкент - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 15-17 градус жылы.
Ақмола облысы - жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қалың жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, түнде екпіні секундына 15-20 метр, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта 23-28 метрге жетеді, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 метр, солтүстігінде, шығысында кей уақытта 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус аяз, күндіз 0-5 жылы. Көкшетау - көшпелі бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар). Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 3-5 градус жылы.
Алматы облысы - түнде облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 3-8 жылы, облыстың солтүстігінде 1 градус үсік, таулы аудандарда 4 аяз - 1 градус жылы, күндіз 13-18, таулы аудандарда 4-9 жылы. Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 16-18 градус жылы.
Жетісу облысы - түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 4 аяз - 1 градус жылы, күндіз 4-9 жылы. Облыстың шығысында жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын, түнде кей уақытта қалың жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең облыстың орталығында, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 3-8 жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік, таулы аудандарда 0 градус, күндіз 12-17, таулы аудандарда 9 градус жылы. Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 14-16 градус жылы.
Түркістан облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, таулы аудандарда 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3-8 жылы, таулы аудандарда 1 градус үсік, күндіз 14-19, таулы аудандарда 10 жылы. Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 14-16 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысы - күндіз облыстың солтүстік-батысында жаңбыр. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 жылы, облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус аяз, күндіз 12-17 градус жылы. Орал - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 12-14 градус жылы.
Атырау облысы - жауын-шашынсыз. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 4-9, облыстың шығысында 1, күндіз 15-20 градус жылы. Атырау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 1-6, күндіз 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 18-20 градус жылы.
Маңғыстау облысы - облыстың батысында, орталығында жаңбыр. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-12, облыстың солтүстік-шығысында 3, күндіз 17-22 градус жылы. Ақтау - көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 18-20 градус жылы.
Ақтөбе облысы - облыстың солтүстік-шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз шамалы жаңбыр. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, түнде облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, облыстың солтүстігінде 2 градус аяз, күндіз 8-13, облыстың оңтүстігінде, батысында 16 градус жылы. Ақтөбе - ашық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 11-13 градус жылы.
Қостанай облысы - түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 аяз, облыстың оңтүстігінде 2 жылы, күндіз 5-10, облыстың оңтүстігінде 13 градус жылы. Қостанай - бұлтты, түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 аяз, күндіз 6-8 градус жылы.
Солтүстік Қазақстан облысы - жауын-шашын (жаңбыр, қар), төменгі бұрқасын, көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундсына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус аяз, күндіз 2-7 жылы. Петропавл - бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), төменгі бұрқасын, көктайғақ. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 4-6 жылы.
Павлодар облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), төменгі бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, күндіз екпіні секундсына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 2-7, күндіз 5-10 жылы. Павлодар - бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), төменгі бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, күндіз екпіні секундсына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 6-8 жылы.
Қарағанды облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр. Жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда секундсына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус аяз, күндіз 2-7, облыстың оңтүстігінде 10 жылы. Қарағанды - бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 9-14, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда секундсына 25 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 жылы, күндіз 4-6 жылы.
Ұлытау облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда секундсына 23 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус аяз, күндіз 7-12 жылы. Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 9-14, күндіз екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 жылы, күндіз 10-12 жылы.
Шығыс Қазақстан облысы - түнде облыстың оңтүстігінде жаңбыр, шығысында, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде жаңбыр. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні секундсына 23-28 метр, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда секундсына 30 метр және одан да көп. Ауа температурасы түнде 1-6, облыстың оңтүстігінде 9 жылы, шығысында, таулы аудандарда 2 градус аяз, күндіз 10-15, шығысында, таулы аудандарда 5 жылы. Өскемен - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 7-12, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда секундсына 23 метр. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 12-14 жылы.
Абай облысы - түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні секундсына 23-28 метр, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда секундсына 30 метр және одан да көп. Ауа температурасы түнде 1-6 жылы,
облыстың шығысында, оңтүстігінде 2 градус аяз, күндіз 10-15, облыстың батысында 7 жылы. Семей - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 7-12, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда секундсына 23 метр. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 13-15 жылы.
Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 жылы, облыстың солтүстігінде 2 градус үсік, күндіз 13-18 жылы. Қызылорда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз шаңды дауыл. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 9-14, күндіз екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 16-18 жылы.
Жамбыл облысы - түнде облыстың шығысында, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар). Таулы аудандарда тұман. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 9-14, түнде таулы аудандарда, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 2-7 жылы, облыстың таулы аудандарында 2 градус үсік, күндіз 12-17, таулы аудандарда 9 жылы. Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 15-17 жылы.










