ТЖМ ескертеді: қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды
Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райы қолайсыз болған жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

Мүмкіндігінше үйде болыңыз, аса қажет болмаса сыртқа шықпаған жөн.
Қатты жел кезінде ағаштардың, билбордтардың, электр желілерінің және басқа да тұрақсыз құрылымдардың маңында тұрмаңыз.
Көлік жүргізушілеріне жылдамдықты төмендетіп, арақашықтықты сақтауға және жолда барынша мұқият болуға кеңес беріледі.
Қатты жел кезінде далада от жақпаңыз. Кішкентай жалынның өзі тез таралып, өртке ұласуы мүмкін.Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қолайсыз ауа райының салдарын болдырмауға көмектеседі.
Төтенше жағдай орын алса, 112 нөміріне хабарласыңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!, - делінген шұғыл хабарламада.











