Есірткі туралы ертегі
Ерте ерте ертеде бір әсем өлкеде Ақыл есімді дана жігіт өмір сүріпті. Ақыл адалдық пен ізгілікке жол көрсетіп, айналасындағыларға жақсылық жасаумен танымал еді. Ауыл адамдары оны сыйлап, барлық маңызды істерде кеңес сұрайды.
Бірақ бір күні елге Азғырғыш есімді қулығы көп қараңғы күш келеді. Ол алыстағы қараңғы орманда тұратын адамдарды алдап, өмірлерін бүлдіруді мақсат ететін. Оның ерекше қасиеті қолындағы сиқырлы заттары болатын. Сол заттар арқылы адамдарды өзіне тәуелді етіп, оларға жалған бақыт сыйлайтын. Азғырғыш:
- Мен сендерді бақытты етемін, өмірлеріңді өзгертемін! Барлығың менімен дос болыңдар! – дейді. Ауылдағы жас балалар Азғырғыштың сөзіне қызығып, жинала бастайды Бірінші болып Жандос есімді жас жігіт сұрақ қойды:
- Сен айтқан сиқырлы зат қандай. Ол шынымен бақытты етеме? - деп сұрайды.
- Әрине! Бұл ерекше ұнтақ. Оны қолданған кезде өзіңді керемет сезініп, уайымдарыңнан арыласың – деп айтады Азғырғыш. Бұны естіген Ақыл халықты сақтандырмақ болып:
- Азғырғыштың айтқаны жалған, оның ұсынысы уақытша, кейін күш-қуат, еркіндік және денсаулықты тартып алады, ол сендерге тек қана қасірет әкеледі – дейді.
Алайда кейбіреулері Азғырғышқа сенеді. Олар ұнтақты қолданған кезде бір сәтке өздерін жеңіл шаттыққа бөленгендей сезінеді. Бірақ уақыт өте келе олардың денсаулығы әлсіреп саналары тұмандана бастады. Олар енді бұл ұнтақсыз өмір сүре алмайтын халге түседі.
Жандос болған жағдайдан шошып, Ақылға келеді.
- Ақыл аға, мен өте үлкен қателік жасадым. Азғырғыштың айтқандарына сеніп, өзімді жоғалттым, енді қалай құтылсам болады? - деп жылайды.
Ақыл оның басынан сипап:
- Есірткіге тәуелді болу – өте үлкен сынақ. Бірақ үмітіңді ешқашан үзбе. Ерік жігеріңді жинап, менің айтқанымды істесең, бұл тұзақтан құтыласың – дейді
Ақыл Жандосқа табиғи тағамдар мен емдік шөптерден дәрі жасайды. Сонымен қатар оған шыдамдылық пен уақыт керектігін түсіндіреді.
- Бұл оңай болмайды, бірақ сен өз өміріңді қайтара аласың деді Ақыл
- Азғырғыш мұны біліп Ақылға қарсы шығады
- Сен неге менің істеріме араласасың? Бұл адамдар мені өздері таңдады, ал сен оларға бос сөз айтып жүрсің! – деп айқайлайды
- Ақыл сабырмен:
- Сенің айтқандарың жалған Азғырғыш. Мен адамдарға шындықты көрсетіп, олардың өмірлерін құтқарғым келеді. Сенің зұлымдығыңа жол бермеймін – дейді.
Сол күннен бастап Ақыл мен Азғырғыштың арасында үлкен айқас болады. Ақыл адамдарға білім беріп, оларды салауатты өмірге шақырады. Ол әрбір адамның ерік жігерін нығайтып, есірткіден аулақ болудың жолдарын үйретеді. Ал Азғырғыш қулығын тоқтапайды. Ол адамдарды алдап, өзіне тартуға тырысады. Бірақ халықтың көздері ашылып шындыққа бет бұрып, Азғырғыштың сөзіне сенуден қалады.
Ақырында Ақылдың даналығы мен адамдардың күш жігері Азғырғышты елден қуып жібереді. Тұрғындар қайта бақытты, дені сау өмір сүре бастайды. Олар әрқашан Ақылдың айтқандарын тыңдап, зиянды заттардан аулақ болуға тырысты.
- Жақсылық Іңкәр Жақсылыққызы,
- №93 орта мектептің 9 сынып оқушысы
- Лақалы ауылы