Абаттандыру жұмыстары жүргізілді
Қазалы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында күзгі санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жалғасуда. Аудан орталығы Әйтеке би кентінде жүргізілген кезекті сенбілік барысында Жасыл белдеу алаңы, Т.Бөріқұлақов, Ж.Шеріпов, Ж.Аймауытов және Мағзаман әулие көшелерінде тазалық жұмыстары жүргізілді.Сенбілік барысында аталған аумақтардағы қоқыстар тазаланып, бейберекет өскен шөптер шабылды. Тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлерімен қатар аудан тұрғындары да белсенді қатысып, қоршаған ортаны абаттандыруға өз үлестерін қосты.
Аудан орталығында ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарын аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аралап, Әйтеке би кентінің әкімі мен тазалыққа жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Жалпы сенбілік жұмыстарына аудан бойынша 136 мекемеден 1372 адам және 16 техника жұмылдырылды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде полигондарға 16,2 тонна қоқыс шығарылды.
Күзгі санитарлық тазалық шаралары аудан орталығымен қатар барлық ауылдық округтерде де жалғасты.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі














