Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қатты жел, қар, жаңбыр: ТЖМ тұрғындарға маңызды ескерту жасады

Қатты жел, қар, жаңбыр: ТЖМ тұрғындарға маңызды ескерту жасады

Фото: ChatGpt арқылы жасалды
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындардан ауа райы бұзылған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік мәліметінше, қатты жел, жаңбыр, қар жауып, ауа температурасы күрт төмендегенде сақтық шараларын күшейту қажет.
“Мұндай күндері аса қажет болмаса, сыртқа шықпаған дұрыс. Қатты жел соққанда ағаштардан, билбордтардан, электр желілерінен және құлап кетуі мүмкін басқа да нысандардан аулақ болған жөн. Көлік жүргізушілері жолда жылдамдықты азайтып, көліктер арасындағы арақашықтықты сақтауы керек. Ауа райының нашарлауына байланысты жолдағы жағдайға мұқият болған жөн”, – делінген хабарламада.
Оған қоса министрлік қатты жел кезінде далада от жақпауға кеңес берді. Өйткені жел жалынды тез таратып, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
Төтенше жағдайға тап болсаңыз, 112 нөміріне хабарласыңыз.
Айта кетейік, бұған дейін Қазан айына арналған ауа райы болжамы жарияланғаны туралы жазған едік.
Министрлік қауіпсіздік талаптарын сақтау адам өміріне төнетін қауіпті азайтып, қолайсыз ауа райының салдарын болдырмауға көмектесетінін айтты.
06 қазан 2026 ж. 26 0

Бата дарып, бақ қонсын

06 қазан 2026 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031