Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құбыжықты жеңген батыр Бекжан

Құбыжықты жеңген батыр Бекжан

Ертеде бір шалғай ауылда Бекжан есімді батыр бала өмір сүріпті. Ол ауылдағы барлық балаларды түрлі қауіптен қорғап, әділдігімен танымал екен.
Бір күні ауылдың шетіне қара бұлттай қою түтін пайда болады. Бұл түтін күннен күнге ауылға жақындап, ауаны улап, адамдарды әлсирете бастайды. Бекжан осының себебін анықтамақ болып, жолға шығады.Ол түтіннің қайдан шыққанын іздеп келе жатып, үңгірге тап болады. Үңгірдің ішінде «Есірткі» деген құбыжық өмір сүріп жатыр екен.
– Кімсің сен, ауылымды улап жүрген? – деп сұрайды Бекжан.
– Есірткімін! Мен адамдарға рахат сезім сыйлап, оларды өзіме осылай бағындырамын. Бірақ олар уақыт өте менің құлыма қалай айналғанын байқамай қалады, – дейді құбыжық.
Бекжан ашуланып:
– Сенің түтінің адамдарды әлсіретіп, денсаулығын құртады. Бұл әділетсіздік! – дейді.
– Бірақ адамдар өздері мені таңдайды. Мен оларды еш мәжбүрлемеймін, – деп күледі құбыжық.
Бекжан ойланып, құбыжықты жеңудің жолын іздейді. Ол ауылға оралып, ауыл тұрғындарына былай дейді:
– Бұл түтіннен құтылу үшін оны ешкім өзіне жақындатпауы керек. Оны таңдаған сайын,жақындаған сайын құбыжық күшейе түседі. Біз бәріміз бірге оған қарсы тұруымыз керек!
Ауыл адамдары Бекжанның сөзін тыңдап, құбыжық ұсынған нәрселерден бас тартады. Уақыт өте келе құбыжық әлсіреп, түтін сейіліп, ауыл таза ауамен тыныстап, өмірін жалғастырады.
Түйін: Зиянды әдеттер өзіңе көрінбейтін құбыжық секілді. Егер оған жол бермесең, ол сені ешқашан бағындыра алмайды. Әрдайым өз денсаулығыңды қорғауды ұмытпа!

АлиханНҰРАДИН,
Ақсуат ауылдық №100 мектептің
2-сынып оқушысы
13 қаңтар 2025 ж. 507 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 119

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 118

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 114

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930