Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада үш жасар баласын вокзалға тастап кеткен әйел адам табылды

Астанада үш жасар баласын вокзалға тастап кеткен әйел адам табылды

Фото: Дереккөзден
Елордадағы «Астана-1» (ескі вокзал) вокзалында анасы тастап кеткен сәбидің қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды
Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, қаңтар айының басында әйел адам үш жасар баласын Астанадағы теміржол вокзалында тастап кеткен болатын. Полицейлер осыдан кейін сәбидің анасын іздеуге кіріскен болатын.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Астана вокзалындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері баланың анасын іздеп тапты. Ол бұрын психиатриялық диспансерде есепте тұрғаны белгілі болды. Қазір сәбидің анасы полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта сәбиді қауіп-қатерге қалдыру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.

Ведомство мәліметінше, үш жасар сәби Астана қаласы әкімдігінің қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жіберілді.
15 қаңтар 2025 ж. 231 0

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 150

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031