Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астананың "Шанхай" базарында өлі табылған әйелге қатысты оқиғаның мән-жайы анықталды

Астананың "Шанхай" базарында өлі табылған әйелге қатысты оқиғаның мән-жайы анықталды

  26 жастағы әйелдің өліміне қатысты оқиғаның мән-жайы анықталды. Оның денесі "Шанхай" базарының маңынан табылған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Елордалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері ер адамды ұстады. Ол тұрмыста қолданылатын сөмкеге әйелдің денесін салып, базар маңына тастап кеткен. 13 қыркүйекте полицейлер әйелдің кім екенін анықтады.
  Ол Өзбекстан Республикасының 26 жастағы азаматшасы екені белгілі болды", - деп жауап берді Астана ІІД өкілдері Tengrinews.kz ресми сауалына. Полиция мәліметінше, сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, әйелдің ағзасы уланған және туберкулезбен ауырған.
Полицейлер 30 жастағы ер адамды ұстап, одан жауап алған. Ол соңғы үш жылда әйелмен бірге тұрған. Олардың екі жасар баласы бар екен.
"Әйел адам жалдамалы жатақхана бөлмесінде қайтыс болған. Қаржылай қиындық көрген ер адамның әйелді жерлеуге ақшасы болмаған. Сонымен қатар, қайтыс болған әйелдің басқа елдің азаматы екенін біліп, оның денесін сөмкеге салып, "Шанхай" базарының маңында тастап кеткен. Ол сөмкені тапқандар жерлейді деп ойлаған. Сол күні ол қаладан шығып кетіп, жасырынбақшы болған", - деді полиция өкілдері.
  Ер адамды Түркістан облысының территориясында ұстаған. Қайтыс болған әйелдің баласы да қайда екені белгілі болды: ол таныстарының қарамағында болған. Баланы Астанадағы кәмелетке толмаған балаларды оңалту орталығына жіберілді.

Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz
21 қыркүйек 2018 ж. 2 201 0

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 38

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 29

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 26

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 135

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930