Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Анасы көшеге тастап кеткен 2 жасар сәби балалар үйіне орналастырылды

Анасы көшеге тастап кеткен 2 жасар сәби балалар үйіне орналастырылды

Теміртауда анасы кішкентай қызын бейтаныс әйелге тастап кеткен. Көкек ана тастап кеткен 2 жасар сәби Қарағандының «Ботагөз» балалар үйіне орналастырылды.
Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Теміртауда жас ана бейтаныс әйелден кішкентай қызын қарайлай тұруын өтінген. Телефон нөмірін қалдырған ана сол беті қайтып оралмаған. Бірнеше сағат бойы баланың анасына xабарласа алмаған әйел полицияға xабарласқан. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері сәбиді қалалық ауруxанаға әкелген. Көкек анаға xабарласқан полицейлер оны учаскеге келуге көндіре алмаған. Бірнеше күн бойы дәрігерлердің қарауында болған сәби жетімдер үйіне орналастырылды.
«Бала өз жасына қарай өсіп келеді. Әзірге сөйлей алмайды. Өздігінше тамақ жей алмайды. Бірақ адамдарға үйір. Балалармен жақсы ойнайды. Ешкімнен қорықпайды. Жақсы ұйықтайды», — дейді «Ботагөз» балалар үйі директорының міндетін атқарушы Людмила Дроздова.
Қызын көшеге тастап кеткен ана баласы екеуінде құжаттарының жоқтығын айтқан. Ол Қарағандының тумасы, жасы 26-да. Қамқоршылық органы мамандарының айтуынша, анасы баласын жетімдер үйінен бірден алып кете алмайды. Алдыман жас ана құжаттарын қалпына келтіріп, баланың анасы екенін, содан кейін тұрғылықты жерін көрсетіп, балаға жағдай жасай алатынын дәлелдеуі керек.
«Анасын полиция қызметкерлері өздері іздеп тапты. Оған дейін ол баланы іздеген жоқ. Баланы бейтаныс адамға қалдырып, оның өміріне қауіп төндіргені үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мұнымен полиция айналысып жатыр», — дейді Теміртау қаласы Білім бөлімінің қамқоршылық және қорғау секторының жетекшісі Жұлдыз Арелина.
06 тамыз 2018 ж. 2 887 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031