Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Тілімізді ұлықтайық" атты қорытынды кеш өтті

"Тілімізді ұлықтайық" атты қорытынды кеш өтті


Бүгін Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің акт залында аудандық «Қазақ тілі» қоғамының «Тілімізді ұлықтайық!» атты 2024 жылды қорытындылау шарасы болып өтті.
Шара шымылдығы салт-дәстүр, тілді құрметтеу, туған жердің мәртебесін көтеру бағытында сахналанған шағын көрініспен және лицейдің 4 «а» сыныбы оқушылары оқыған «Мен қазақпын» өлеңімен ашылды.
Одан соң Қазалы ауданы әкімі аппаратының басшысы Тілеп Ринад Ібайдуллаұлы құттықтау сөз сөйлеп, жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді, білім мен мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар тіл жанашырларын «Абай аманаты» төсбелгісімен, аудан әкімінің, облыстық және аудандық «Қазақ тілі» қоғамы филиалдарының «Алғыс хаттарымен» марапаттады.
Мерекелік кешке жиналғандар «Айсер» хор ұжымының «Егемен елім», вокальды топтың «Ананың тілі», «Жігіттер» квартетінің «Бұл біздің жер» әндерін тыңдап ерекше әсерге бөленсе, 8-10 сынып оқушы қыздарының «Қазақ» биіне ризашылықпен қол соқты.
«Қалампыр» әжелер ансамблінің орындауындағы «Той базар» халық әні мен «Мұғалім, ата-ана, оқушы» мюзиклі тыңдаушысын баурап әкетті. Кеш соңында «Сен қазақсың» әні әуелете шырқалып, барлық қатысушыларды риза етті.
Айта кетейік, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы биыл 35 жылдық мерейтойын тойлады. Осы уақыт аралығында аудандық «Қазақ тілі» қоғамы филиалы және «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі ауданда мемлекеттік тілдің қоғамдағы қолданыс аясын кеңейту, оның қызметтері мен маңызын одан әрі жетілдіру бағытында көптеген ауқымды істерге мұрындық болып келеді. Бүгінгі мерекелік шараға қоғамның бастауыш ұйым төрағалары мен төрайымдары, тіл жанашырлары мен мектеп оқушылары қатысты.
#Қазалы
20 желтоқсан 2024 ж. 180 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 119

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 121

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 114

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930