Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттың тіні – жұрттың үні

Ұлттың тіні – жұрттың үні

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 30 жылдық мерекесіне арналған «Ұлттың тіні – тілі» атты облыстық шара аудандық мәдениет орталығында өтті.

Шара шымылдығы №21 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасының «Қазақ тілімен – Нұрлы болашаққа» атты көрініспен ашылды. Жиынды республикалық «Тіл сақшысы» газетінің жауапты хатшысы Жалғасбек Аманов ашып, құттықтау лебізін білдірді.
Мұнан соң Қазалы ауданында қазақ тілі аясының кеңіп, оның дұрыс қолдануына септігін тигізіп жүрген бірқатар сала мамандары аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ жоғарғы дәрежелі «Қазақ тілі» медалі Сержан Берденұлына берілсе, республикалық «Қазақ тілі» қоғамының Құрмет грамотасына Бақытгүл Әлішева, Аралкүл Терекбай, Әлияш Шманова, Нұрсұлу Алмағанбетова, Кәмшат Жолмырзаева, Рабиға Қарымсақова секілді азаматтар ие болды.
Келесі кезекте Қазалы аудандық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұрбибі Әшір сөз алып, аталмыш шараның маңыздылығына тоқталды.
– Биыл республикада «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осыдан тура 30 жыл бұрын – 1989 жылдың 22 қыркүйегінде «Тіл туралы» заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі – ұлтаралық тіл деп бекітілген еді. Айта кетерлігі содан бері республикамыздың әр аймағында қызу істер атқарылып, ана тіліміздің қолданыс аясы кеңейе бастады. Түрлі ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды.
Бүгінгі таңда қазақ жерінде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өмір сүріп келеді. Олардың да қазақ тіліне деген құрметі оянып, жылдан-жылға ана тілімізді мүмкіндігінше меңгеруде, – деді ол.
«Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 30 жыл толу құрметіне орай бірқатар мекемелер мен қызметкерлерге «Үздік ұжым», «Тұрақты оқырман», «Белсенді баспасөз жанашыры» номинация­лары тапсырылды.

Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ
24 қыркүйек 2019 ж. 976 0

МӘҢГІЛІК МҰРА

24 мамыр 2025 ж. 51

РУХАНИ АЗЫҚ ОРДАСЫ

24 мамыр 2025 ж. 51

Жәнібектің жетістігі

23 мамыр 2025 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031