Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан халқы тілдері күні тойланды

Қазақстан халқы тілдері күні тойланды

5 қыркүйек - Қазақстан халқының тілдер күні. Соған сәйкес бүгін аудандық Р.Бағланова атындағы мәдениет ошағында салтанатты шара өтті.
Шара өнерлі оқушылардың тіл туралы өлең шумақтарын оқумен басталды. Мұнан соң аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сахна төріне көтеріліп, көпшілікті ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен және тілдер мерекесімен құттықтады.
- Тарихи тұлғасы мен арқалаған жүгі, көрген азабы ешбір ғұламаның тұлғасымен салыстыруға келмейтін алыптың бірі – Ахмет Байтұрсынұлының есімі ешқашан ұмытылмайды. Бүгін «Тілі жоғалған ұлттың, өзі де жоғалады» деп қазақ тілінің келешегі үшін жанын қиған аңыз адамның туған күні. Сондай-ақ, біз үшін аса маңызды Қазақстан халқының тілдері күні.
Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оны құрметтеу – әр азаматтың борышы, - деді аудан басшысы.
Мерекелік шарада Қазалы ауданы бойынша “Қазақ тілі” қоғамдық бірлестіктің төрайымы Нұрбибі Әшір аудан әкімінің құттықтауымен және бірқатар тіл жанашырлары аудан әкімінің “Алғыс хатымен” марапатталды.
Сонымен қатар жиында облыстық, аудандық “Қазақ тілі” қоғамының, аудандық мәдениет және спорт бөлімінің “Алғыс хатымен” және қоғамдық бірлестіктің арнайы номинацияларын иеленгендер де болды.
Кеште Қазалы ауданы бойынша “Қазақ тілі” қоғамдық бірлестіктің төрайымы Нұрбибі Қалдарбекқызы мен өзбек ұлтының өкілі Гулборам Жумабаева да сөз сөйлеп, өздерінің жылы лебізін жеткізді.
Одан бөлек, № 21 Алпамыс балабақшасының бүлдіршіндері өзбек биін билесе, қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың “Найман ана” қойылымынан үзінді көрсетілді. Артынша аудан өнерпаздары ән салып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
"ҚАЗАЛЫ"ақпарат
05 қыркүйек 2023 ж. 336 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 55

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 49

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 50

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930