Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көне тарихтың куәсі – құнды жәдігер

Көне тарихтың куәсі – құнды жәдігер

Музей – ғылым мен білімнің, өркениет пен тарихтың алтын ордасы. Өткеніміз бен болашағымызды байланыстыратын алтын көпір. Ондағы әрбір жәдігер құнды, мағынасы зор. 2014 жылы 8 тамызда аудан әкімдігінің қаулысымен ашылған Қазалы аудандық тарихи-өлкетану музейі де халыққа қалтқысыз қызмет етуде. Музей көрме залының ішкі экспозициясы аудандық бюджеттен бөлінген қаражатқа жасақталған. Сонымен қатар, музей 2015 жылы Қазалы аудандық Ғани Мұратбаев мемориалдық музейінен 4015 құнды жәдігерді өз теңгеріміне алды. Ал қазіргі таңда музей қорында – 4954 дана экспонат есепте тұр. Негізгі қорда – 3222 дана, көмекші қорында – 1732 дана экспонат бар.

Музей өлке тарихын, табиғатын, экономикасын, археологиясын, архитектуралық ескерткіштерін, этнографиясын, тарихи деректер, естеліктер мен ескерткіштерін іздестіруді, тарихи маңызы бар құнды жәдігерлерді жинауды, зерттеуді, оларды қорда сақтауды мақсат тұтады. Осы үдеден шығу үшін музей экспозициясын толықтыру жұмысы үздіксіз жүргізіліп отыр. Музей қызметкерлері келушілердің ішкі сұранысын өтеуді, танымдық көзқарасын кеңейтуді міндеті деп біледі. Филиал меңгерушісі Сәкен Әлішев.
Ғимараттың жалпы аумағы 265 шаршы метр. Музей экспозициясы 183,1 шаршы метрді алып жатқан 3 залға орналасқан. Этнография залының аумағы – 57,2 шаршы метр. Табиғат бөлімінде ауданның жер бедері, ауа-райы, емдік қасиеті бар шөптесін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жөнінде баяндалады. Этнография залында қазақтың киіз үйі, ұлттық киімдер, шеберлердің қолынан шыққан ер-тұрмандар, зергерлік бұйымдар, ат әбзелдері, қару-жарақтар, ағаш ыдыстар мен мал терісінен жасалған бұйымдар қойылған. Сонымен қатар билік еткен қазақ хандары, билері, батырлары экспозиция орналасқан. Аумағы – 57,2 шаршы метр болатын Тұлғалар залында аудан тарихының құрылуынан бастап, елді басқарған басшылардың және әр салада қызмет атқарған тұлғалардың фото-суреттері, құжаттары қойылған. Сонымен қатар мемлекет қайраткерлері, ақын-жазушыларымыз, Ұлы Отан соғысы мен ауған соғысының ардагерлері мен еңбек ерлері, қуғын-сүргін құрбандары туралы мұралар өлкемізді тануға негізделген. Тәуелсіздік залынының аумағы – 68,7 шаршы метр. Онда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, ірі тарихи маңызы бар оқиға – Ата заңымыздың тағы басқа құжаттардың қабылдануы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдаулары, сондай-ақ, Республикалық «100 аурухана, 100 мектеп» бағдарламасы бойынша ауданда тұрғызылған мектептер мен медециналық бекеттер, және де тәуелсіздік жылдарынан бергі өз өнімдерін халыққа ұсынып отырған кәсіпкерлердің жеткен жетістіктері, өңдірген өнімдері музей экспозициясында орын алған.
Музей – туған жердің асыл қазынасы. Ол жас ұрпақты, жалпы жұртшылықты туған елдің шежіресімен таныстыра отырып, оны қастерлеуге тәрбиелейді. Мұрағаттарды қорғау мен жинақтаудың астарында ізгіліктің жатқанын байқауға болады. Біздің музей де өлкетану ісін өрге жүргізуде қызметін жаңа талаптар тұрғысынан атқаратын болады. Уақыт өткен сайын музей іші жаңа жәдігерлермен толығуда. Олардың қатарында Қазалыда мекен еткен және әлі де кездесетін құстар, жануарлар, аңдар және осы өлкенің құнарлы топырағынан нәр алған бақша өнімдері мен жеміс-жидектер бар. Сондай-ақ музейге келушілер киіз үй ішінде орналасқан қазақ халқының тұрмыстық құрал-жабдықтарымен таныса алады.
– Музейде жоспарға сәйкес іс-шаралар, көрмелер, көшпелі көрмелер ұйымдастырылады. Аудан көлемінде өтетін мәдени-көпшілік шараларға арнайы көшпелі көрпе апарып, экспонаттармен таныстырамыз. Оқушылар жиі келіп, музей ішімен танысады. Олар елдің өткені мен бүгінінен сыр шертетін әрбір жәдігердің тарихымен танысып, мәдени мұрамыздың мән-мағынасына терең бойлайды, – дейді Қазалы аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Жанат Тілеуқабыл.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
07 желтоқсан 2024 ж. 205 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 270

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031