Ғани тұтынған кілем
Қазалы қаласында Орта Азия мен Қазақстан жастарыныңжалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейі бар. Онда жеті экспозициялық, бір көрме және «ТәуелсізҚазақстан» залы жұмыс істейді. Ғанидың балалық шағынан бастап өмір жолы, ақтық сапарға аттандыру шаралары осы залдарға кезең-кезеңімен орналастырылған. Сондай-ақ, музей қорындаоның өз қолымен жазылған хаттары, көпшілікке беймәлім құжаттары мен фотосуреттері бар. Ғанимен қызметтес болған серіктерінің, замандастарының естеліктері мен кітаптары да жинақталған.
Музейдегі ерекше экспонаттың бірі – 1924 жылыҒаниМұратбаев жары Бақытжанмен шаңырақ көтергенде Қазалы жастарының сыйға берген кілемі. Құнды жәдігерді 1981 жылы Ғанидың жұбайы Бақытжан Құрманбаевадан сол кездегі музей директоры Қатира Тайпақова алып келген.
Кілем қызыл түсті. Қара, қызыл, сары түсті геометриялық өрнектермен безендірілген. Жүзжылғажуықтарихы бар кілем музей төріндесақтаулы.
Айтакетейік, 1979 жылдан облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы болып жұмыс істеген Ғани музейі 1981 жылы өз алдына отау құрды. Ғанидың 100 жылдық мерейтойы кезінде Мәскеу қаласындағы Ваганьков зиратындағы қабірінен топырақ әкелініп, музей экспозициясынақойылды. Музей қызметкерлері Ғани Мұратбаевтың өмірі мен еңбегі туралы естеліктер, зерттеулер және кітаптар жинақтаған. Жылсайын Ғанидың туған күнінде «Мәңгілік шырқар жырымсың» атты дәстүрлі жас ақындар мүшәйрасы мен кіші футбол жарысы ұйымдастырылады. Музей жанында «Жас ғанитанушылар» үйірмесі де жұмысістейді.
Экспонаттар мен музейге келушілер саны жыл сайын өсуде. Музей алғаш ашылғанда 200 жәдігер, 3 зал болса, 2015 жылдың 1 қаңтарына музей қоры 6624 жәдігергежеткенболатын. 2015 жылдың ақпан айында өлке тарихына қатысты 4015 жәдігер Әйтеке би кентінде ашылған аудандық тарихи-өлкетану музейіне берілді.
Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ