Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихи мекеменің қорында 65 мыңнан астам экспонат сақталған

Тарихи мекеменің қорында 65 мыңнан астам экспонат сақталған

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі – Сыр өңірінің 85 жылдығынан сыр шертетін асыл қазынаның ордасы болып табылады. Осыған орай, Сыр елінің 85 жылдығы аясында алғаш рет «Алтын киімді Ұлы дала» атты көрме ұйымдастырылып, қасиетті мекендегі құнды жәдіргерлер жұртшылыққа таныстырылды. Бүгінде облыстық музейдің қорында өлке тарихы мен мәдениетіне қатысты 65 мыңнан астам экспонат сақтаулы. Сондай-ақ мұнда екі мыңнан астам әйгілі Хорезм археологиялық-этнографиялық бұйым бар.
Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сапар Көзейбаев аталмыш мекеменің жұмысымен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
«Бүгінде облыстық музей қорындағы құнды экспонаттарды цифрландыру және қолжетімділігін арттыру мақсатында «АС-Музей» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі орнатылды. Сонымен қатар Қызылорда облысының 85 жылдығы аясында жыл басынан бері мәдени, тарихи-танымдық шаралар мен «Музей энциклопедиясы», «Тарих көмбесі», «Тұлғатану», «Бір әулеттің тарихы», «Тарихтағы сандар», «Музей радиосы», «Жас өлкетанушы», «Бұл үйде, кім тұрған?!» атты музейлік жобалары жүзеге асуда. Бұдан бөлек, Сыр өңірінің тарихы мен мәдениетін, көненің көзіне айналған жәдігерлерімізді Арқа жұртшылығына таныстыру мақсатында Қараған облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ұйымдастырылды. Ал Маңғыстау облыстық музейінде зергерлік бұйымдар коллекциясынан «Сыр өңірінің зергерлік өнері» тақырыбында этнографиялық көрме ұйымдастырылды. Алдағы уақытта ортағасырлық Сығанақ қалашығынан табылған археологиялық материалдар негізінде сақ жауынгерінің реконструкциясын дайындау жоспарланып отыр», – деді Сапар Көзейбаев.
01 тамыз 2023 ж. 320 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031