Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Музей – халық қазынасы

Музей – халық қазынасы

Музей халық қазынасын сақтап қана қоймай, оны насихаттап, жас ұрпаққа өткен ғасырлар мен бүгінгі күннің арасындағы рухани қазыналарды санасына сіңіріп келеді. Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейі өлке тарихын бойына жинаған киелі шаңырақ. Музей қоры мен экспозициясында Қазалы ауданының іргетасы қаланған уақыттан бергі тарихи деректерден сыр шертетін және Ғани Мұратбаевтың өмір жолын баяндайтын жәдігерлер, құнды құжаттар жинақталып көрсетілген. Сонымен қатар, әр жыл сайын тақырыпқа сай дайындалатын көрме залы бар. Қазіргі таңда қорда тіркелген жәдігерлер саны 5000-ға жуықтайды
Экспозицияда орналасқан және қорда тұрған көне заттық байлықтарымызды кімдердің тапсырғандығы, ол бұйымдардың тұрмыста, өмірде қалай, не мақсатта пайдаланылғаны келушілер назарына көрсетіледі. Кәзіргі таңда «Музейге сый» акциясы барысында музей қорына бірнеше құнды дүниелер қосылды. Көнеден жеткен мұраларымызды аманат етіп әрі сол қалпында сақтауға музейге тапсырған аудан тұрғындарына алғысымызды білдіреміз.
2019 жылы Қолөнер шеберлері Бейсенбай, Молдақмет Дуймановтардың өмір жолына арналған «Ұлы даланың ұлттық дәстүріндегі өнер иелері» атты шара барысында 100ден астам қолөнер бұйымдары шебердің қызы Дүйманова Мадина Молдахметқызынан сыйға алынды. Атап айтар болсақ шеберлер тұтас ағашты оя отырп сан түрлі ою-өрнектер, батыр, жыраулардың бейнелерін ағаш бетіне көркемдеп ойып жасаған.
Құрметті қонақтар кәзіргі таңда Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінің көрме залында жоғарыда аталған қолөнер шеберлерінің құнды мұраларын жасақталған көрмені тамашалауға шақырамыз.
Әлібек СЕРАЛЫ
Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінің
ғылыми қызметкері


14 тамыз 2023 ж. 412 0

"Ғасыр куәсі" жобасы

13 ақпан 2025 ж. 181

Білім сапасы бақылауда

13 ақпан 2025 ж. 195

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728