Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қар, жаңбыр: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

Қар, жаңбыр: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

istockphoto
18 қазанда Қазақстанның 16 облысында ауа райының қолайсыз жағдайлары күтіледі, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, елдің бірқатар өңірінде тұман, көктайғақ, қатты жел, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанып отыр. Сонымен қатар бірнеше облыста өрт қаупі жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында түнде солтүстікте 2 градусқа дейін аяз күтіледі, ал өңірдің солтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Атырау, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында түнде және таңертең тұман түседі. Орал мен Көкшетауда жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Жамбыл және Түркістан облыстарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні тау асуларында 20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 20 м/с-қа дейін жетеді.
Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с дейін күшейеді.
Павлодар және Абай облыстарында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Метеорологтар ауа райының мұндай тұрақсыз сипаты жолдарда қозғалыс қиындығын тудырып, кей аймақтарда өрт және төтенше жағдайлар қаупін арттыруы мүмкін екенін ескертеді.


18 қазан 2025 ж. 137 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031