Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда хоккейден Азия чемпионаты өтеді

Қазақстанда хоккейден Азия чемпионаты өтеді

Қазақстан құрамасы жүлде үшін Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея командаларымен кездеседі
Қазақстанда хоккейден Азия чемпионаты өтеді
Фото: Olympic.kz
Өскемен қаласында 5-8 қараша аралығында шайбалы хоккейде әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан құрамасы жүлде үшін Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея командаларымен кездеседі.
Әйелдер арасындағы алғашқы құрлықтық турнир былтыр Қытайда өткен болатын. Сол кезде отандастарымыз корейлік хоккейшілерді айыпсоққы сериясында ұтып, қиын кездесуде жеңісті жұлып алып, қола медаль иеленген еді.
Кейін қос құрама биыл ақпанда өткен Азия ойындарында қайта жолықты. Ол жарыста қазақстандық хоккейшілер плей-офф кезеңінде Қытай мен Корея командаларын жеңіп, күміс медальға қол жеткізді.
Әйелдер арасында Халықаралық федерация рейтингінде ең жоғары орында тұрған жапониялықтар алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ олар іріктеу турнирінде топ жарып, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алған болатын.



18 қазан 2025 ж. 218 0

Қасиеттің де құны бар

15 қараша 2025 ж. 31

Жанарымда жарық әлем

15 қараша 2025 ж. 47

Білім саласы бақылауда

15 қараша 2025 ж. 50

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930