Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық мәслихаттағы кезекті депутаттық фракцияның отырысы өтті

Аудандық мәслихаттағы кезекті депутаттық фракцияның отырысы өтті

Партия филиалында аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың қатысуымен аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Отырысқа аудандық партия филиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш төрағалық етті.

Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы бойынша іске асырудың Жол картасының Қазалы ауданы бойынша орындалуы және орындалмау қаупі бар іс-шаралары туралы қаралып, аудан әкімі Мұхтар Әуесұлының хабарламасы тыңдалды.

Өз кезегінде аудан басшысы бағдарламадағы ағымдағы жылға жоспарланған шаралардың басым бөлігі орындалғанын айтып, жыл аяғына дейін жүзеге асатын тармақтарға тоқталып өтті.

Отырыс қорытындысында партия филиалының төрағасы Ғазиз Әлмәмбетұлы Жол карта іс шараларын сапалы әрі тиімді іске асыру партияның әрдайым күн тәртібінде екенін, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен депутаттық корпустың бірлескен жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асатындығын жеткізді.


Айта кетейік, отырысқа аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков, облыстық мәслихат депутаты Нұрлан Имандосов, партия филиалының Атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Нұрғиса Жалғасбаев, фракция мүшелері, дербес бөлім және мекеме басшылары, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

#AMANAT

22 қараша 2023 ж. 376 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930