Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк 2027 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдерін қашан жариялайды

Ұлттық банк 2027 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдерін қашан жариялайды

Фото: сгенерировано с помощью ИИ
Қазақстанның Ұлттық банкі 2027 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер жарияланатын күндердің кестесін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ұлттық банктің сайтында 2026 жылғы 23 қарашада жарияланған баспасөз хабарламасында айтылған.
"Келесі жылы базалық мөлшерлеме бойынша сегіз шешім қабылдау жоспарланып отыр. Оның төртеуі болжамды раундтың нәтижелеріне сүйене отырып қабылданады. Шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланып, келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді", – делінген хабарламада.
2027 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер жарияланатын күндер

22 қаңтар
12 наурыз
23 сәуір
11 маусым
23 шілде
10 қыркүйек
22 қазан
10 желтоқсан
2026 жылы базалық мөлшерлеме қалай өзгерді?
Ұлттық банк 23 қаңтарда, 6 наурызда және 24 сәуірде базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтады. Кейін оны төрт рет төмендетті:
5 маусымда – 17%-ға дейін
24 шілдеде – 16,75%-ға дейін
4 қыркүйекте – 16,25%-ға дейін
23 қазанда – 15,75%-ға дейін
2026 жылғы кестеге сәйкес, Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімін 4 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 12:00-де жариялайды.
23 қараша 2026 ж. 8 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30