Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Қазақстанның ұзақмерзімді дамуын болжайтын сараптама тобын бекітті

Тоқаев Қазақстанның ұзақмерзімді дамуын болжайтын сараптама тобын бекітті

Топқа вице-президент Ерлан Қарин жетекшілік етеді
Тоқаев Қазақстанның ұзақмерзімді дамуын болжайтын сараптама тобын бекітті
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының құрамын бекітті. Оны вице-президент Ерлан Қарин жетектейді және оның құрамына 31 адам енген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Ақордаға сілтеме жасай отырып.
Бұл 31 адамның төртеуі – жетекші, жетекшінің екі орынбасары және бір хатшы. Ал 27 адам топтың мүшелері.
«Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы – Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Ол Қазақстан Республикасының ұзақмерзімді дамуына қатысты тұжырымдамалық тәсілдер мен басымдықтарды сараптамалық тұрғыдан пысықтау мақсатында құрылған. Сараптама тобының негізгі міндеттері – концептуалды тәсілдерді анықтау және сараптамалық жағынан әзірлеу, талдамалық, әлеуметтік, сондай-ақ форсайт зерттеулердің нәтижесін талқылау», - деп хабарлайды Ақорда.
Ал заң тұрғысынан, Ақорда хабарлағандай, бұл топ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Сараптама тобының жұмыс органы саналады.
«Сараптама тобының отырысы қажет кезде, алайда кем дегенде айына бір рет өтеді. Отырысқа мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, сарапшылық қауымдастықтар, іскерлік орта, азаматтық қоғам өкілдері және Сараптама тобының құрамына енбеген басқа да мамандар қатыса алады», - деп хабарлады Ақорда.



23 қараша 2026 ж. 16 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30