Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өңірлік Жол картаның ауданда іске асырылу барысы қаралды

Өңірлік Жол картаның ауданда іске асырылу барысы қаралды

Бүгін Қазалы аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтіп, онда партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған өңірлік Жол картасының ауданда орындалу барысы қаралды.

Аудан бойынша іс-шаралардың орындалуы жөнінде аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков хабарлама жасап, әр тармаққа жеке тоқталып өтті. 

9 айдың қорытындысымен кәсіпкерлік субъектілерінің қаражаттарға қол жетімділігін қамтамасыз ету шаралары қолға алынып, өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі артқан. Есепті кезеңде ауданда 2694 жаңа жұмыс орны ашылып, «Жер аманаты» партиялық жобасы аясында заңсыз берілген немесе пайдаланылмаған 31691 гектар болатын 34 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Медициналық 3 нысан, мәдени 1 нысан және 2 білім беру орындары салынуда.

Хабарламадан соң фракция отырысына арнайы қатысқан аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш орындалмай қалу қаупі бар іс-шараларды нақтылап ұсыну, «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға ниет білдіруші тұрғындардың санын арттыру, бірқатар құрылыс нысандарының мерзімінің кешігуіне байланысты сауалдарын қойып, ұсыныстарын айтты.

Мұнан соң фракция жетекшісі Нұрғиса Жалғасбаев фракция мүшелерінің дербес бөлім басшыларымен бірлесе бағдарлама аясындағы тармақтардың орындалу жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.

Отырыстың қортындысына сәйкес, ұсынымдар негізінде тиісті қаулылар қабылданды.

#AMANAT
08 қараша 2023 ж. 297 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 212

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031