Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өлмейтұғын артына ән қалдырған

Өлмейтұғын артына ән қалдырған

Сыр өңірі – тума таланттар мен дауылпаз дарындардың құтты мекені, қара шаңырағы, алтын ордасы. Осынау киелі топырақтан талай өрелі өнер иелері шығып, қазақ көгінде ән болып қалықтады, қияға шарықтады. Солардың бірі – өн бойына сан өнерді тоғыстырған сазгер, ақын, әнші, марқұм Батырхан Нұрымбетов.
Барша қазақ жұртшылығы әнші Нәби Аймұратовтың орындауындағы «Гүлім, гүлім, гүлімсің, Арманымсың, жырымсың...» деп бас­­та­­латын, миллиондардың жүрегін тербеп, ға­шық­тардың гимніне айналған осынау әннің авторы да Батырхан Нұрымбетов. Бұдан бөлек, «Қазақстаным», «Ән тұмарым-ай», «Ақ гүлім» секілді керемет туындылары бар.
Музыка тарихында есімі алтын әріппен жазылған арда азаматтың келместің кемесіне мінгелі биыл жеті жылға жуықтағанымен жұрт жүрегінен бір сәтке де өшкен емес. Жақында Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, Үрмәш Түктібаев ауылдық клубының ұйымдастырумен Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығында сазгерді еске алу мақсатында облыстық сазгерлер байқауы өтті.
Байқау «Ән ғұмыр» атты әсерлі сахналық қойылыммен басталды. Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары Болат Әбенұлы сахна төрінен сөз алып, талапкерлерге сәттілік тілеп, сазгердің отбасына ыстық ықыласын білдірді.
– Жалпы Батырхан қамшының сабындай қысқа ғұмырында қырыққа жуық ән жазыпты. Солардың ішінде «Гүлімсің», «Ақ гүлім», «Ән тұмарым», «Айдана», «Туған жер», «Алтынай», «Неге, неге», «Қайтейін» сияқты әндері бүгінде үлкен сахналарда орындалып жүр. Кезінде қазақ эстрадасының жарық жұлдызына айналған Нәби Аймұратовты танымал еткен Батырханның осы «Гүлімсің» әні болатын. Өкінішке қарай, әсем әнімен елді елең еткізген әнші де, әннің авторы да бұл фәнимен ерте қоштасты. Бірақ өлмейтұғын артына ән қалдырған ерекше дарын иелері тыңдарманның, біздің мәңгілік жүрегімізде қалады. Бүгінгі байқауға тек бақ сынауға ғана емес, сазгер рухын асқақтатуға келген барша қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деді ол.
Өнер додасына бақ сынауға аймақтың түкпір-түкпірінен, Қызылорда қаласынан және Жаңақорған, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандарынан барлығы он екі сазгер қатысты.
Ал сазгерлердің өнеріне әділ ойын айтып, музыканттарды бағалау үшін қазылар алқасының төрағасы, мәдениет саласының үздігі, «Әуезовтер» халықтық отбасылық ансамблінің жетекшісі, күйші, қобызшы, музыкант – Арман Әуез, Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» төс белгіснің иегері және мәдениет саласының үздігі – Кемеңгер Өтеп, Қорқыт ата атындағы аудандық балалар Өнер мектебінің қызметкері, республикамызға танымал әндердің авторы, сазгер – Серік Төлеулер болды.
Бірнеше кезеңнен тұрған байқауда сазгерлер бар өнерін ортаға салды. Нәтижесінде бас жүлде мен 150 мың теңге қаржылай сыйлықты Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының сазгері Жібекәлі Бектұрған жеңіп алды.
Бірінші орын, 100 мың теңге сыйақыны Қызылорда облысынан келген Ғаиния Дауылба­ева иеленсе, екінші орынға 70 мың теңге сыйақыны алған Қазалы ауданы, Бозкөл ауылынан Жұмабек Жансапов жайғасты.
Ал үшінші орын және 50 мың теңге сыйақыны жаңақорғандық Оразғали Бидашов, сырдариялық Махмут Сақтапов пен әйтекебилік Ербол Бейсеновтер місе тұтты.
Бұдан бөлек, арнайы жүлде «Сиқырлы әуен» бағамы Қармақшы ауданынан келген Керекжан Құлмырзаевқа табысталды. Ал «Ерекше дауыс» бағамымен Қазалы ауданы Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының әншісі Ақбөпе Кеулімжаева сынды азаматтар марапатталды. Тағы «Көрермен көзайымы», «Сазды әуен», «Шебер орындаушы» бағамдары өз иесін тапты. Сондай-ақ әрбір номинация иегеріне арнайы дип­лом мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Серік АҚМЫРЗА
12 қараша 2024 ж. 55 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930