Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көркемсөз оқу шеберлері анықталды

Көркемсөз оқу шеберлері анықталды

Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығында қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы өткізілді.
Байқаудың ашылу салтанатында Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға 18-29 жас аралығындағы талапкерлер қатысып, екі кезең бойынша өнер көрсетті.
Бірінші кезең қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жыл­дығына орай прозалық шығар­маларынан үзінді оқу.
Екінші кезең қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу.
Байқауға актриса, білім бөлімінің ардагер ұстазы Ұлжан Ахметова, Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, Қазалы ауданының мәдениет орталы­ғының сүйемелдеушісі, қазылар алқа­сының мүшесі Галя Оспан, Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің оқытушысы, Жұбатқан Таңжанов қазылық жасап, жеңімпаздарды анықтады.
Нәтижесінде бас жүлдені №91 орта мектептің мұғалімі Ақзия Қожахмет, I орынды №216 орта мектептің мұғалімі Бекзатхан Сахитжан иеленсе, II орынды Бекарыстан би ауылының тұрғыны Қанат Сырлыбай пен Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің 3 курс студенті Бекарыс Оразәлі, III орынды Жанкент ауылының тұрғыны Әрсен Салмырза мен Басықара ауылының тұрғыны Мадина Ералиева өзара бөлісті. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Ботакөз ТАРЗАН,
Қазалы ауданының мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері
05 сәуір 2022 ж. 746 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031