Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шуақты шара

Шуақты шара

Әз Наурыз мерекесі қарсаңында Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында «Қош келдің, Наурызым!» атты аудандық байқау өткізілді. Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауы, «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шараға қатысушыларды мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев құттықтап, сәттілік тіледі.
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» дегендей, мазмұны ерек, сипаты бөлек сында аудандағы алты ұжымның арулары бақ сынады. Таныстыру сайысында өздері туралы дерекпен қанықтырып, жаңашылдық үлгісін көрсетсе, «Ас – адамның арқауында» аспаздық шеберлігін танытты. «Халқын сүйген – салтын сүйер», «Өнерлі өрге жүзер» сындары үміткерлердің ізденісі, білімі, әртістік шеберлігін байқатты.
Жекелеген қатысушыларға ұжымдастары қолдау білдіріп, өнер мәресіне жақындауына үлестерін қосты.
Бұл күні ұлттық киім, мағыналы қойылымға қаныққан көрермен ерекше әсерге бөленді.
Байқау нәтижесінде топ жарып, өзгеден озық шыққан, Ғани Мұратбаев атындағы №17 мектеп мұғалімі Айнұр Сыдық бас жүлдені қанжығалады. Бірінші орын биігіне Қорқыт Ата атындағы өнер мектебінің ­намысын көтерген Аругүл Рсалиева мен Е.Бозғұлов атындағы мектеп лицейден қатысқан Сымбат Тиышбай шықты. Екінші орынға Әйтеке би кенттік клубының хореографы Жанат Қазбиева мен «Балапан» балабақшасының үкілі үмітін арқалап келген Жарқынкүл Өтеген лайық деп танылды. Ал жүлделі үшінші орынға Гүлшат Сұлтамұрат ие болды. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Серік АҚМЫРЗА

22 наурыз 2022 ж. 714 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 74

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930