Тағы бір ауыл газдандырылды
Сырдарияның бойын жағалай орын тепкен Сарыкөл ауылдық округінің құрамына Абай ауылы мен Жұбан елді мекені кіреді. Жаз мезгілінде жасыл желекке оранып, анадайдан менмұндалап көзтартатын ауылдың жері шұрайлы, жұрты еңбекқор.
Ала жаздай үй іргесіндегі, одан қала берді ауыл шетіндегі бақшаларын дәнді-дақыл мен жеміс жидекпен көмкеретін абайлықтар мал өсіруде де алдыңғы қатарда. Бұнда кәсіпкерлік те кең қанат жайып келеді. Оған дәлел аядай ауылдағы азық-түлік, сүт өнімдері дүкені, шаштараз, наубайхана қызметі.
Округте шаруа қожалығы, қолөнер шебері, тігінші, мал шаруашылығымен айналысып отырған жандар қатары да уақыт өте артып келеді. Тұрғындардың күніне екі рет аудан орталығына қоғамдық көлікпен қатынауына мүмкіндік жасалған. Бұдан бөлек жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпкерлер де табылады. Ауыл тұрғындарының асарлатуымен «Ыбырайым қари» мешіті жанынан салынған асхана ел игілігіне берілген. Жастардың ұйытқы болуымен мешіт ауласы қоршалған. Білім, денсаулық сақтау, мәдениет салаларындағы жұмыстар жақсы жолға қойылған. Міне осындай ауызбіршілігі артқан ауыл тұрғындары жуырда көптен күткен қуанышты күнге жетті. Тұрғын үйлер табиғи газға қосылып, абайлықтар көмір тасып, күл шығару бейнетінен арылмақ.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қазалы ауданының Абай ауылын газ желісіне қосу рәсімі өтті. Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады.
«Бүгін мерейлі мереке қарсаңында Қазалы ауданында нысандар ашылып, Абай ауылына «көгілдір отын» желісі қосылуда. Бұл – расында да, көптен күткен игілік.
Қазір Қазалы ауданының газдандыру көрсеткіші 65 пайызға жетті. Биыл мұнда 2 миллиард 200 миллион теңгеге 3 жоба жүзеге асуда. Алғашқысы – осыдан бір жыл бұрын басталған Абай ауылын газдандыру жобасы. Жұмыс толық аяқталды, енді ауылдағы 193 тұрғын үй мен 8 әлеуметтік нысан «көгілдір отын» тұтынатын болады. Екінші жоба – Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Ү.Түктібаев ауылдарына магистральды газ құбырын тарту. Бүгінде жұмыс қарқынды жүруде. Үшіншісі – Ақтан батыр ауылына орамішілік газ тарту. Бұл жұмыс басталып кетті. Сәтін салса, жыл аяғына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Бұдан соң елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 68 пайызға жетпек. Осы уақыт ішінде Қазалы ауданында 600 шақырымнан астам газ құбыры тартылып, 10 763 тұрғын үй мен 350 мекеме-кәсіпорынға қосылды.
Елдің дамуы ауылдың гүлденуінен басталады. Ал ауылдың дамуы, келешегі сіздердің еңбекқорлықтарыңыз бен бірліктеріңізге байланысты. Баршаңызға бүгінгі қуаныш құтты болсын!», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Іс-шарада Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов құттықтау лебізін жеткізіп, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Самұрат Имандосов батасын берді.
Сонымен қатар ауылдың өсіп-өркендеуі жолында қажырлы қызмет еткен сала мамандары мен ардагерлерге облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Газ қосу рәсімінен кейін аймақ басшысы ауыл тұрғындармен кездесіп, атқарылған жұмыстар, алдағы бағыт-бағдар туралы айтты. Әсіресе, қолға алынған инфрақұрылымдық жобаларға, әр саладағы жаңашылдықтарға тоқталды, кездесуге келушілердің ой-пікірлерін тыңдады.
– Бұл күнді асыға күттік. Газ желісін жүргізу жұмыстарын бастағанда-ақ қуанышымызда шек болмады. Міне, көріп тұрғандарыңыздай елдің бәрі дән риза. «Жақсыны көрмекке» дейді ғой. Арнайы келіп, тарихи сәттің куәсі болып жатқан баршаға ризамыз. Игілікті істің тек қайырын, берекетін көруді жазсын, – дейді ауыл тұрғыны Гүлнәр Айғабыл.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА