Үкімет 1,5 млрд АҚШ долларын құрайтын еурооблигацияларды шығаруды сәтті жүзеге асырды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
Қазақстан Республикасы 2015 жылдан бері алғаш рет АҚШ долларымен номинацияланған еурооблигациялар нарығына сәтті оралып, 10 жыл мерзімге 1,5 миллиард АҚШ долларын құрайтын шығарылымды 4,714% купондық мөлшерлеcімен орналастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәміле жоғары инвестициялық рейтингі бар мемлекеттерге ғана қолжетімді бір күндік виртуалды роуд-шоудан кейін жүзеге асырылды. Бір күннің ішінде АҚШ, Ұлыбритания, континенталды Еуропа, Азия және Таяу Шығыстан 100-ден астам инвесторлармен кеңес өткізілді, бұл Қазақстан Республикасының және оның экономикалық көрсеткіштеріне Халықаралық капитал нарығында сенімді және жоғары дәрежелі Эмитент ретінде инвесторлардың ҚР-ға деген қызығушылығы мен сенімінің жоғары деңгейі туралы.
Сонымен қатар, Moody's агенттігінің Қазақстанның егеменді рейтингін Baa1 деңгейіне (тұрақты болжам) дейін көтеруі сәтті орналастырудың маңызды факторы болды.
Орналастырудың уақытылы болуының арқасында Қаржы министрлігі шығарылымның көлемі мен бағасы бойынша оңтайлы параметрлерге қол жеткізді. Жинақталған тапсырыстар кітабы тұрақты өсуді көрсетіп, 6 миллиард АҚШ долларына жетті, бұл купондық мөлшерлемені және кірістілікті 4,714% деңгейінде, ал АҚШ қазынашылық облигацияларына қатысты спрэдті 88 базистік пункт деңгейінде белгілеуге мүмкіндік берді.
Мұндай спрэд дамушы елдердің 10 жылдық егеменді облигациялары үшін рекордтық көрсеткіштердің бірі болып табылады. Салыстыра кетсек, 88 базистік пункттік премия Сауд Арабиясы, Чили және Польша сияқты "А" рейтингі бар кейбір елдердің екінші деңгейлік деңгейінен төмен. Бұл халықаралық инвесторлардың Қазақстанның экономикалық, қаржылық және әлеуметтік саясатына деген жоғары сенімін көрсетеді.
Бұл еурооблигациялар шығарылымы елдің қаржылық тұрақтылығын нығайтып, экономикалық өсімін қолдайды. Сонымен қатар, орналастырудың қолайлы шарттары Қазақстаннан шығатын квазимемлекеттік және корпоративтік эмитенттер үшін халықаралық капитал нарығына шығуға бенчмарк (бағдар) жасайды.
Еурооблигациялар Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының Биржасында орналастырылды.
Мәміленің халықаралық ұйымдастырушылары, бірлескен жетекші менеджерлері және букраннерлері ретінде Citi, JPMorgan, Societe Generale және қазақстандық ұйымдастырушы ретінде «BCC Invest» АҚ қатысты.