Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек министрлігі ауқымды тексерулерден кейін жасөспірімдердің ата-аналарына үндеу жасады

Еңбек министрлігі ауқымды тексерулерден кейін жасөспірімдердің ата-аналарына үндеу жасады

Қазақстанда кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі профилактикалық іс-шаралар аясында 4,6 мыңнан астам нысан қамтылды. Бұл туралы 2026 жылғы 28 шілдеде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елімізде жасөспірімдерді қауіпсіз әрі заңды жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатқаны атап өтілді.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, 27 шілдедегі жағдай бойынша еліміз бойынша 4619 нысанда профилактикалық іс-шаралар жүргізілген.
Оның ішінде:
  • 2070 қоғамдық тамақтану орны;
  • 1566 аттракциондар паркі мен ойын-сауық алаңы;
  • 234 базар мен сауда-ойын-сауық орталығы;
  • 221 жанармай құю станциясы;
  • 241 автокөлік жуу орны;
  • 138 компьютерлік клуб;
  • 149 өзге нысан бар.
"Тексеру барысында еңбек заңнамасы талаптарының сақталмауына қатысты 884 жағдай анықталды. Әрбір дерек бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданып жатыр", – делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Жұмыс берушілермен профилактикалық жұмыс жүргізуге ерекше назар аударылады.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары:
  • кәмелетке толмағандармен еңбек қатынастарын ресми түрде рәсімдеу;
  • белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын сақтау;
  • жалақыны уақтылы төлеу;
  • жасөспірімдерді ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарға жібермеу қажеттігін еске салды.
"ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғау жұмыстарын жалғастырады. Сондай-ақ ата-аналарды жасөспірімдердің жұмыс жағдайына және еңбек қатынастарының ресми рәсімделуіне назар аударуға шақырады", – деп қорытындылады ведомствоның баспасөз қызметі.
2026 жылғы 26 мамырда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Қазақстанда жасөспірімдердің қайда заңды түрде жұмыс істей алатынын айтқан еді. Сондай-ақ ол жасөспірімдерге жосықсыз жұмыс берушілерге алданып қалмау үшін не істеу керегін түсіндірді.
26 маусымда Асқарбек Ертаев Қазақстанда жұмыс істейтін жасөспірімдерге қандай қолдау көрсетілетінін және жас қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау үшін қандай қосымша шаралар енгізу жоспарланғанын айтты.
28 шілде 2026 ж. 28 0

Бәсі биіктеген бизнес

28 шілде 2026 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031