Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰҚК мен байланыс операторлары арасындағы келісімде не көрсетіледі

ҰҚК мен байланыс операторлары арасындағы келісімде не көрсетіледі

ҰҚК-нің 2026 жылғы 17 шілдедегі бұйрығымен Қазақстан аумағында қызмет ететін байланыс операторлары мен байланыс желілері иелерінің өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен телекоммуникациялық жабдықтарының функцияларын қамтамасыз ету қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, белгіленген талаптарды орындау үшін жабдық иелері ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшелерімен ақпаратты жинау, сақтау және оған қол жеткізу туралы екіжақты келісім жасайтыны нақтыланды.
Келісімде мыналар көрсетіледі:
  • ақпаратты жинау мен сақтау шарттары, оның ішінде ақпарат жинау және сақтау жабдығын кезең-кезеңімен енгізу тәртібі;
  • ақпаратты жинау, сақтау және сақталған ақпаратқа қол жеткізу жабдығын орналастыру шарттары;
  • арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану шарттары;
  • жабдық иесінің аумағында орналасқан жабдықтың киберқауіпсіздігін, физикалық қорғалуын қамтамасыз ету және оған рұқсатсыз қол жеткізуді шектеу шарттары;
  • ақпаратты жинау мен сақтауға тартылған барлық учаскенің ақпараттық арналарын ұйымдастыру шарттары;
  • ҚР ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшелері жабдығының ақпаратты жинау және сақтау жабдығына қосылу нүктелері;
  • телекоммуникация желісі, қолданылатын интерфейстер мен телекоммуникациялық жабдық, хабарлама форматтары, ақпаратты жинау, сақтау және сақталған ақпаратқа қол жеткізу жабдығы, сондай-ақ қосылу нүктелерінің жабдығы туралы техникалық мәліметтерді ұсыну шарттары;
  • телекоммуникация желілерінің дамуы, телекоммуникациялық жабдықтардың енгізілуі, жаңа технологиялар мен байланыс қызметтерінің іске қосылуы, жаңа интерфейстер мен хабарлама форматтарының енгізілуі туралы хабарлау шарттары;
  • күнделікті мәселелерді шешу, ақауларды жою және штаттан тыс жағдайларды еңсеру кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібі.
Жабдық иелері келісімге сәйкес телекоммуникация желілері арқылы берілетін ақпаратты жинау және сақтау жабдығының физикалық қорғалуын, сондай-ақ Қазақстанның цифрлық заңнамасына сай киберқауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
28 шілде 2026 ж. 43 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031