Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еуро банкноттарының дизайны жаңартылады

Еуро банкноттарының дизайны жаңартылады

Сурет: pexels
Еуро банкноттары 20 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет жаңа дизайнға ие болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еуропалық орталық банк еуроның жаңа сериясына арналған банкноттардың соңғы дизайн нұсқаларын таныстырды. Жалпы 10 нұсқа ұсынылған. Олар екі негізгі тақырыптық тұжырымдамаға негізделген:
"Еуропа мәдениеті" – Еуропаның өнер, ғылым қайраткерлері мен мәдени мұрасына арналған;
"Өзендер мен құстар" – құрлықтың табиғи алуан түрлілігін және Еуропа елдерінің бірлігін бейнелейді.
Еуро банкноттарының дизайны жаңартылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2026 11:26
Сурет: ecb.europa.eu
Еуропалық орталық банктің мәліметінше, Еуропа тұрғындары өздеріне ұнаған дизайнды 21 қыркүйекке дейін өтетін қоғамдық дауыс беру арқылы таңдай алады.
Банк басқарушылар кеңесі жаңа банкноттардың түпкілікті дизайнын 2026 жылдың соңына дейін бекітуді жоспарлап отыр. Осыдан кейін олар өндіріс алдында жетілдіру және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру кезеңдерінен өтеді.
Еуропалық орталық банк жаңа банкноттар бірнеше жылдан кейін ғана айналымға енгізілетінін мәлімдеді. Сонымен қатар қазіргі қолданыстағы еуро банкноттары заңды төлем құралы мәртебесін сақтап, жаңа сериямен қатар айналымда қолданыла береді.
Бұған дейін Ұлттық Банк тағы бір жаңа монетаны сатылымға шығарғанын жазғанбыз.
28 шілде 2026 ж. 30 0

Бәсі биіктеген бизнес

28 шілде 2026 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031