Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

Бүгін, 2026 жылғы 28 шілдеде Қазақстанның Бас прокуратурасы еліміздегі жүргізушілерге маңызды ақпармен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Бас прокуратураның, ішкі істер, көлік және денсаулық сақтау министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да мемлекеттік құрылымдардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізіліп, жүргізушілерді даярлайтын оқу ұйымдарын лицензиялау қайта қалпына келтірілді, мопедтерді міндетті тіркеу енгізілді, құқық бұзушылықтарды автоматты тіркеу кеңейтілді, сондай-ақ медициналық қарсы көрсетілімдері бар жүргізушілер туралы мәліметтермен цифрлық алмасу жолға қойылды.
Қабылданған шаралар өз нәтижесін беруде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендердің саны 6%-ға (22 346-дан 21 007-ге дейін), ал қаза тапқандар саны 15,5%-ға (955-тен 807-ге дейін) азайды. Соның нәтижесінде 148 адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды.
Бұл ретте, жаяу жүргіншілердің де жауапкершілігі ерекше маңызды. Жолдың жүру бөлігіне шығар алдында оның қауіпсіз екеніне көз жеткізу қажет, ал ата-аналар кішкентай балаларды әрдайым қолынан жетектеп жүруі тиіс. Әсіресе дыбысы бәсең электр көліктерін басқаратын жүргізушілер жаяу жүргіншілерге барынша мұқият болуы қажет.
Жүргізуші мәдениеті Жол жүрісі қағидаларын сақтаумен ғана шектелмейді, ол қоршаған ортаға ұқыпты қараудан да көрінеді. Көліктен қоқыс тастамаңыз – тәртіп әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады.
Бас прокуратура жылдамдықты арттыру, қауіпті маневр жасау, мас күйінде көлік басқару, көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану және Жол жүрісі қағидаларын өзге де өрескел бұзу жүргізуші куәлігінен айыруға, әкімшілік қамаққа алуға, ал ауыр зардаптар туындаған жағдайда қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі ең алдымен әрбір жол қозғалысына қатысушының жеке жауапкершілігіне байланысты. Адам өмірін сақтау мен қауіпсіз көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыруға мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Заңнаманы жетілдірумен қатар прокуратура органдары профилактикалық жұмысты жалғастыруда. 2026 жылғы 23 шілдеде Бас прокуратура Жол жүрісі қағидаларын жүйелі түрде бұзатын елорда жүргізушілермен кездесу өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтарды жазалау емес, кезекті құқық бұзушылық адам өліміне әкелмей тұрып, олардың мінез-құлқын өзгертуге ықпал ету. Бұл – прокуратураның "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асырудағы превентивтік тәсілінің көрінісі.
"Азаматтарды қауіпті көлік жүргізу, заңсыз жарыстар және Жол жүрісі қағидаларын өзге де өрескел бұзу фактілері туралы полиция органдарына хабарлауға шақырамыз. Тәжірибе көрсеткендей, ауыр жол-көлік оқиғаларының едәуір бөлігін бұрын бірнеше рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жүргізушілер жасайды. Кейбір құқық бұзушылар үшін айыппұл заң талаптарын елемеудің құнына айналып барады. Мәселен, Алматы қаласында үш адамның өмірін қиған жол апатының кінәлісі бұған дейін жылдамдықты 21 рет асырған, ал Ақмола облысындағы адам өліміне әкелген жол апатын жасаған жүргізуші бұған дейін Жол жүрісі қағидаларын 13 рет бұзған. Азаматтардың уақтылы хабарламалары мен бейнетіркегіштердің жазбалары жол бұзақыларын дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді",- деп мәлімдеді ведомство.
Сонымен қатар, жолдардағы ахуал әлі де күрделі екені атап өтілді. Әсіресе, Жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу, заңсыз түнгі жарыстар және жол бұзақылығының өзге де көріністері ерекше алаңдаушылық туғызады.
"Алты ай ішінде 15 188 жол-көлік оқиғасы тіркелді, олардың жартысынан астамын Жол жүрісі қағидаларын қасақана әрі жүйелі түрде бұзатын жүргізушілер жасаған. Жаяу жүргіншілер өткелдерінде 5 971 адам жарақат алып, 208 азамат, оның ішінде 40 бала қаза тапты. Мас күйінде көлік басқарған жүргізушілердің кінәсінен 209 адам зардап шегіп, 8 адам көз жұмды. Ең ауыр зардаптар бұрынғыдай жылдамдықты арттыру мен қауіпті маневр жасауға байланысты. Дәл осы құқық бұзушылықтардың салдарынан 8 мыңнан астам адам жарақат алып, 676 азамат қаза тапты. Сондықтан бүгінде жол бұзақыларына қатысты ұсақ бұзақылық үшін жауаптылыққа тарту тәжірибесі белсенді түрде енгізілуде. Соттар прокурорлардың құқықтық ұстанымын қолдап, құқық бұзушыларға әкімшілік қамақ тағайындауда. Жыл басынан бері ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша 29 жол бұзақысы әкімшілік қамаққа алынды".
ҚР Бас прокуратурасы
28 шілде 2026 ж. 39 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031